01 октября 2020 | 16:48

Коронавирусқа қарсы қандай препараттар шықты?

Фото: Reuters

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны 34 миллионнан асты. Оның ішінде, 25 миллионнан аса адам аурудан айыққан. Алайда COVID-19-ды толық емдеуге арналған вакцина әлі жоқ. Алайда коронавирусты емдеуде қолданылатын препараттар да аз емес. Олар қаншалықты тиімді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны 34 миллионнан асты. Оның ішінде, 25 миллионнан аса адам аурудан айыққан. Алайда COVID-19-ды толық емдеуге арналған вакцина әлі жоқ. Алайда коронавирусты емдеуде қолданылатын препараттар да аз емес. Олар қаншалықты тиімді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Коронавирустан қорғайтын спрей

Реклама
Реклама

29 қыркүйекте австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапқанын мәлімдеді. Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізген. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.

"Біздің емдеу әдісіміздің қаншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Біз вирустың тез жойылғанына көз жеткіздік", - деді Ena Respiratory басқарушы директоры, доктор Кристоф Демезон.

Алғаш рет INNA-051 спрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған екен.

Коронавирусқа қарсы табиғи құрал

Ғалымдар коронавируспен тиімді күресуі мүмкін ферментті анықтады. Сарапшылардың сөзінше, фермент табиғи жолмен бөлінеді. АҚШ пен Қытайдың халықаралық зерттеушілер тобы бірқатар тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде олар антиоксидант каталазаның ағзаға үш бағыт бойынша оң әсер етуі мүмкін екенін анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, каталаз макакалардың резустарында SARS-CoV-2 вирусының репликациясын басып, уытты әсерін тигізбеген. Сондай-ақ, фермент қабынуға қарсы әсер ететіні анықталған. Ол цитокин өндірісін реттей отырып, цитокиндік дауылдың және коронавирустың асқынуы болып саналатын қауіпті жүйелік қабынудың алдын алады.

Фото: Reuters

Сонымен қатар, антиоксидант өкпедегі альвеолалардың ішкі бетін түзетін жасушаларды тотығу кезінде зақымданудан қорғауға көмектеседі. Ғалымдар каталаза негізіндегі құралдың негізгі артықшылығы оны өндірудің қарапайымдығы және өндіру бағасының төмен екенін айтады. 

Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы препарат жасалды

25 қыркүйекте Польша ресми түрде дүние жүзіндегі алғашқы коронавирусқа қарсы дәріні ойлап тапқандарын мәлімдеді. Biomed компаниясы препаратты жасауда коронавирустан айыққан адамдардың қан плазмасының көмегімен жасаған. Енді препарат клиникалық сынақтан өткізілуге Люблин, Бытом, Белосток және Варшавадағы төрт орталыққа жіберіледі.

"Өндіріс кезеңі 23 қыркүйекте аяқталып, нәтижесінде anti-SARS-CoV-2 иммуноглобулинінің үш мыңнан аса ампуласы шығарылды. Коммерциялық емес клиникалық зерттеулерге арналған дәрі-дәрмектерді шығару 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр", - дейді компания басшысы Марцин Пирог.

Фото: polskieradio.pl 

Ал Польша парламентінің сенаторы, дәрігер Гжегож Челейдің айтуынша, COVID-19-ды аурудан айыққан науқастардың қан плазмасы арқылы емдеуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған.

Коронавирусқа қарсы танымал препарат қауіпті болып шықты

Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы асқынып бара жатқанда қолданылатын азитромицин антибиотигін басқа дәрілермен қатар қолданған кезде жүрек ұстамасы болуы мүмкін. Мұндай шешімге Чикагодағы Иллинойс университетінің мамандары келген. Ғалымдар амоксициллин және азитромицинді қабылдаған 44 миллионға жуық науқастың мәліметімен және нәтижелерімен танысып шыққан .

Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүректің жұмысына әсер ететін препараттарды тағайындауда абай болуға шақырған. Ондай дәрілердің қатарында хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Оның барлығы, дәрігерлердің шешімі бойынша, жүректің жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная