ПОДЕЛИТЬСЯ
26 августа 2020 | 14:38
Коронавирусты қайтадан жұқтыру туралы деректер шықты
Бүгінде дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 24 миллионнан асты. Оның ішінде, вирусты қайтадан жұқтырғандар да анықталған. Алайда ол шын мәнінде коронавирусты қайтадан жұқтыру ма әлде ол тек тесттің қатесі ме? Ғалымдар бұл мәселенің шешімін таба алмай дал болды. Коронавирусты екінші рет жұқтыру ғылыми дәлелденген бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 24 миллионнан асты. Оның ішінде, вирусты қайтадан жұқтырғандар да анықталған. Алайда ол шын мәнінде коронавирусты қайтадан жұқтыру ма әлде ол тек тесттің қатесі ме? Ғалымдар бұл мәселенің шешімін таба алмай дал болды. Коронавирусты екінші рет жұқтыру ғылыми дәлелденген бе? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Бұған дейін коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі анықталған ба?
Коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі бұған дейін 21 ақпанда Қытайдың Сычуан провинциясында тіркелген. Науқас 10 ақпанда ауруханадан шыққан. Артынша 14 күндей үйде оқшауланып жатуы керек болған. Алайда 19 ақпанда қайтадан тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
Сондай-ақ 15 мамырда Ресейде тіркелген. 21 сәуірде науқас тапсырған тесттің екеуі де теріс нәтиже көрсеткен. Алайда 16 күннен кейін ЖРВИ белгілері пайда болған. Қайтадан тесттен өткен науқастан коронавирус инфекциясы анықталып, оны қайтадан ауруханаға жатқызған. Алайда мамандар бұл вирусты қайтадан жұқтыру ма, әлде инфекцияның қайталануы ма - нақтысын анықтай алмаған.
24 тамызда Гонконг университетінің зерттеушілері COVID-19-ды қайтадан жұқтыру дерегі анықталғанын растады. Мамандардың мәліметінше, 33 жастағы ІТ маманы сәуірде коронавирустан айыққан, алайда тамыздың басында Испаниядан келіп, тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
Бастапқыда дәрігерлер ер адам вирусты қайтадан жұқтырды ма әлде инфекция бұған дейін де оның организмінде болған ба - түсіне алмаған. Алайда мамандардың сөзінше, вирус штаммдары әртүрлі болған.
"Көбі коронавирустан айыққан науқаста вирусты қайтадан жұқтыруға қарсы иммунитет қалыптасады деп есептейді. Алайда кей науқаста қалыптасатын антидененің мөлшері біраз айдан кейін төмендейтінінің дәлелдері бар", - дейді ғалымдар.
Кеше, 25 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Гонконгтегі жағдайға түсініктеме берді. Ресми өкілі Маргарет Харристың сөзінше, COVID-19-ды қайтадан жұқтыру дерегі кездеседі, алайда ол өте сирек жағдайда анықталады екен.
"Уақыт өте келе адамдарда теріс нәтиже, сосын оң нәтиже анықталған жағдайлар болды. Бүгінге дейін адамдар шын мәнінде вирусты қайтадан жұқтыра ма, әлде жоқ па немесе ол тестілеудің қатесі ме белгілісіз. Айта кетейік, ондай жағдайлар өте-өте сирек кездеседі. Мұндай жағдайлар тағы анықталар, бірақ олар тұрақты болмайды", - деді ол.
COVID-19-ды қайтадан жұқтыру дәлелденбеген
Коронавирусқа шолу жасау туралы алғашқы мақалалардың бірі Италияның Во қалашығындағы ақпандағы зерттеу жұмысы. Ол жерде коронавирустан алғашқы өлім жағдайы тіркеліп, жергілікті билік қаланы екі апта карантинге жауып тастаған. Зерттеушілер Во қалашығындағы тұрғындарды екі рет - карантин енгізілгенде және аяқталған уақытта тесттен өткізген. Олар үш мыңға жуық халқы бар қала тұрғындарының 43,2 пайызы коронавируспен ешқандай белгісіз (симптомсыз) ауырып шыққанын анықтаған.
Сол мақалада алғаш рет коронавирустан айығып, артынша оны қайтадан жұқтырған жағдайлар анықталғаны айтылған. Алайда түбегейлі тексеріс жүргізілгеннен кейін ПТР-тесттің нәтижесі қате болып шыққаны анықталған. Коронавирусты қайтадан жұқтыру жағдайлары дәлелденбегені және ол тестілеудің қате жүргізілуімен байланысты болып шыққан.
Сарапшылар не дейді?
АҚШ-тағы Джордж Мейсон университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранованың сөзінше, коронавирустан айығып, инфекция адам организмінен баяу кететіндіктен қайтадан тапсырған тест оң нәтиже көрсетуі мүмкін.
"Барлығы Жапониядағы науқас ауруханадан шығып, артынша тапсырған тесті коронавирус барын анықтағаннан басталған. Тесттің барлығы мінсіз емес қой. Бүгінде Қытайдан ауруханадан шыққан науқастардың 14 пайызында қайтадан коронавирус анықталғаны туралы мәлімет келген", - дейді Баранова.
Маманның сөзінше, ол адам қайтадан коронавирус жұқтырды деген сөз емес. Бұл инфекция адам организмінде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін білдіреді екен. Сарапшы оның өзі нақты емес екенін, алайда мұның коронавирусты қайтадан жұқтыруға еш қатысы жоғын айтады.
Ал германиялық дәрігерлердің пікірінше, коронавирустан айыққан науқастарда уақыт өте келе антидене азайып, вирусты қайтадан жұқтыру қаупі бар. ZDF телеарнасының мәліметінше, ғалымдар қаңтарда вирустан айыққан науқастарға сараптама жүргізгенде, оларда антидене мөлшері азайғанын анықтаған.
Газета.Ru мәліметінше, мұндай шешімге қытайлық зерттеушілер де келген - антидене мөлшері көбіне коронавируспен ешқандай белгісіз (симптомсыз) ауырған науқастарда азая бастаған. Дәрігерлер коронавирусты қайтадан жұқтыру біріншісіне қарағанда ауыр өтуі мүмкін екенін айтады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также