Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 декабря 2019 16:06

2019 жылы отбасын құрған танымал тоғыз қазақстандық

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 2019 жыл тойға толы болды. Танымал қазақстандық әнші, актриса, спортшылар мен режиссер, продюсерлер сүйгенімен қосылып, отбасын құрды. Бірі тойын дүркіретіп өткізсе, екіншісі жасырын неке қиып, жұрттың көзіне ілікпеуді құп көрген. Tengrinews.kz тілшісі белгілі қазақстандықтардың биыл болған тойына шолу жасады. 


Елімізде 2019 жыл тойға толы болды. Танымал қазақстандық әнші, актриса, спортшылар мен режиссер, продюсерлер сүйгенімен қосылып, отбасын құрды. Бірі тойын дүркіретіп өткізсе, екіншісі жасырын неке қиып, жұрттың көзіне ілікпеуді құп көрген. Tengrinews.kz тілшісі белгілі қазақстандықтардың биыл болған тойына шолу жасады. 

 Айым Сейтметова

 

Биыл танымал әртістер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова қызы Айым Сейтметованы ұзатты. Бұл қуанышты тойдың ерекшелігі сол, ұзатудан кейін бірден жастардың заңды некесі қиылып, үлкен тойы дүркіреп өтті.

Айым Сейтметова бүгінде танымал актриса, вайнер. Оның жұбайы Талғат - бизнесмен. Сейтметова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында, екеуінің танысуына актрисаның бұзылып қалған көлігі себеп болғанын айтқан.

"Танысуымыздың өзі романтикалық әңгіме негізі. Менің болашақ жарымның автосервисі бар. Сол уақытта ол құрылтайшы болған. Менің автокөлігім сынып қалды. Содан кейін Instagram-дағы парақшама "Қандай жақсы автосервистар бар?" деп сториз салдым. Талғат сол видеоны көріп, өзінің парақшасына "Мына қызға қай автосервистің мықты екенін айтып, кеңес беріп жіберейікші" деп салған. Бірақ мен ол туралы уақыт өте келе өзі айтқаннан кейін ғана білдім. Артынша маған 100 шақты хабарлама келді. Достарымнан да ол сервис жайлы сұрап шықтым. Мен көлік саласын аса жақсы білмейтіндіктен шынымен де жақсы сервис шығар деп ойладым", - дейді актриса.

Автосервиске көлігін қалдырған Сейтметоваға болашақ жұбайы артынша телефон шалып, оған көлігін тегін жөндеп беретінін айтқан екен. Бір айдан соң актрисаға қайта автосервиске баруына тура келеді. Сол көрісуден кейін Талғат Айымды кездесуге шақырады. Осылайша, вайнердің айтуынша, екеуінің әңгімесі бірден жарасып кеткен.

Айым мен Талғаттың тойында "МузАрт" тобындағы Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов, актер Азамат Сатыбалды, әнші Меруерт Түсіпбаева, актриса Анар Батырхан, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков және басқа да танымал адамдар қонақ болып, қуаныштарын бөлісті.


Суреттер: instagram.com/aiymsm

Қанат Бейсекеев

 

Биыл деректі фильмдерімен танымал режиссер Қанат Бейсекеев Алматыда үйленді. Ол өзінің жарымен Канадада танысқан.

"Үйлену тойы Алматыда өтті, тостсыз және жақындарымның арасында. Молданазар, "Золото", Magic of nomads, Jsc, Jband, Райхан Мухлис және басқалар болды. Әйеліммен осыдан бір жарым жыл бұрын Торонтода танысқанбыз. Ал қазір үйлендік", - деген Қанат Бейсекеев.


© instagram.com/beisekeyev

Қанат Бейсекеевтің жұмыстарының арасында - Нұрлан Сабуров туралы фильм, АҚШ-тағы Qazaq boks stıli қазақстандық боксшылар туралы лентасы бар.

Абылайхан Жүсіпов

 

2017 және 2019 жылдары бокстан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Абылайхан Жүсіповтің биыл күзде үйлену тойы өтті. 22 жастағы боксшының жары - Индира Рахымберлина. Ол Shamshyraq би ансамблін басқарады. Той Қарағандыда өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от karagandaboxing (@karagandaboxing)


© instagram.com/rakhimberlinaindira

Екатеринбургте өткен 2019 жылы бокстан әлем біріншілігінің жартылай финалында Жүсіпов ресейлік Андрей Замковтан жеңілген еді. 2017 жылы қазақстандық боксшы Азия біріншілігінің финалына дейін жеткен, ал 2016 жылы 19 жасында Рио Олимпиадасына қатысты. 

Садриддин Ахмедов пен Ақбота Құрманғали

 

Жаздың соңғы айында орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы Садриддин Ахмедов пен әнші КешYou тобының экс-солисі Ақбота Құрманғали отау құрды. Ақбота 2018 жылы 17 жасында "КешYou" тобының солисі атанып, кейін ұжымнан кетіп қалған. Той Нұр-Сұлтанда өтті. 


© instagram.com/kasipkoyboxing

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sultanbekov.A (@aibek____s)

Ахмедов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. Он бір жекпе-жегінің онын нокаутпен аяқтаған, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? ???? Zami ???? ???? (@zamiraukibaeva)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от EM (@e__melya)

Айсәуле Бақытбек

 

Танымал қазақстандық продюсер және тележүргізуші Баян Мақсатқызы да қызы Айсәуле Бақытбекті ұзатты. Бұл 2019 жылдың көп талқыға түскен тойларының бірі болды. 


Сырға салу. © instagram.com/aissaulebakytbek


Қыз ұзату. 


© instagram.com/bayanmaxatkyzy

Посмотреть эту публикацию в Instagram

❤️

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Оның жұбайы - кәсіпкер Әлішер Қайдаров. Ал енесі Дилара Кайдарова дәрігер-онколог, қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Үйлену тойы Алматыдағы қонақүйлердің бірінде болды. Ал салтанатты рәсім неке қию сарайында өтті. Тойды танымал шоумен Олег Гостев жүргізген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aissaule Bakytbek Kaidarova (@aissaulebakytbek)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Тимур Бекмамбетов

 

Қазақстан тумасы, ресейлік режиссер Тимур Бекмамбетов те биыл сәуірде отбасын құрды. Ол Татарстан Президентінің көмекшісі Наталья Фишманды алды.

Олар неке қию рәсімін "Қазан" АХАЖ бөлімінде жақындарының ортасында өткізгені белгілі.

Салтанатты рәсімнен кейін 57 жастағы режиссер мен оның 28 жастағы жары Кабан көлінің жағалауында пикник ұйымдастырды. Қонақтар қатарында кәсіпкерлер мен жоғары лауазымды қызметкерлер болды.


Суреттер: instagram.com/bekmambetovtimur

Тәуекел Мүсілім

 

Актер Тәуекел Мүсілім болашақ жарына сырға салу рәсімін өткізді. Мүсілімнің болашақ жары - Махаббат Түктібаева. Ол - Қарағанды өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті болған, қазір Алматыдағы оқу орнына ауысқан. Ол 7-курс студенті, болашақ дәрігер. Келесі жылы интернатураны тәмамдайды. Арудың Instagram желісінде 78 мыңнан аса фолловері бар. 


Махаббат Түктібаева © instagram.com/mahonti__

Айта кетейік, бұған дейін желіде Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаеваның мешітте неке қидырған суреттері тарап кеткен еді. Имам Тәуекел Мүсілім Алматы қаласындағы Орталық мешітте некесін қидырғанын растады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Makhabbat ❤️ Tuktubayeva (@mahonti__)

Тәуекел мен Махаббаттың тойы келесі жылға қалды.


Сурет: instagram.com/mahonti__

Есболат Беделхан

2019 жылы "Орда" тобының солисі де отбасын құрды. Продюсер Есболат Беделхан жеке өміріндегі жаңалықты жұртқа жария қылмай, жарымен жасырын некелескен. Продюсердің таңдауы Бота Ерімбет есімді аруға түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bota Bota (@botafilm)

 Луина

Көптің назарын аударған тағы бір оқиға - әнші Луинаның тойы. Естеріңізде болса, шілденің соңында әншінің атастырылғаны айтылды. Оның жұбайы - 26 жастағы кәсіпкер Артем Обухов. Олар 19.09.19 күні тойын ашық аспан астында қымбат мейрамхалардың бірінде өткізді.

Кеш жүргізушілері арасында Кирилл Мейстер, Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек көзге түсті.

Қонақтар арасында Мақпал Исабекова, Анар Батырхан, Әсел Сәдуақасова, Жәния Джуринская және басқалар болды. Қалыңдықтың үйлену букетін актриса Сая Оразғалиева ұстап алды.

 

Биылғы baby-boom. 2019 жылы перзент сүйген танымал қазақстандықтар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети