ПОДЕЛИТЬСЯ
02 декабря 2021 | 15:50
Ақан Сатаев Альмира Тұрсынмен ара-қатынасы туралы қауесетке жауап берді
Танымал режиссер, сценарист, "Қазақфильм" киностудиясының басшысы Ақан Сатаев "100 сұхбат" жобасы аясында журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді. Онда Сатаев бұрынғы жарымен неге ажырасқанын және "Томирис" фильмінде басты рольде ойнаған Альмира Тұрсынмен ара-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал режиссер, сценарист, "Қазақфильм" киностудиясының басшысы Ақан Сатаев "100 сұхбат" жобасы аясында журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді. Онда Сатаев бұрынғы жарымен неге ажырасқанын және "Томирис" фильмінде басты рольде ойнаған Альмира Тұрсынмен ара-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақан Сатаев бұрынғы жары, актриса Назира Бақаевамен 25 жылдық некеден кейін ажырасуға ересек адамдарға тән көзқараспен келгенін әңгімеледі.
"Ажырасу жақсы емес. Өмір күрделі нәрсе болып шықты. Екі адам арасындағы қарым-қатынасты шешуде кейде жалғыз шешім - ажырасу болады екен. Бірақ Назира екеуміз бұл мәселеге ересектерше келдік деп айтқым келеді. Ұрыс-керіс болмады. Бәрін ақылдастық. Балалармен де сөйлестік. Осыдан мен әке, Назира ана болмай кеткен жоқ. Сол үшін бәрін ойластырдық, сөйлестік. Қазір осы келісім аясында өмір сүріп жатырмыз", - деді кинорежиссер.
Сонымен қатар, ол "Сіздің өміріңізде қазір махаббат бар ма?" деген сұраққа "Иә десе болады" деп жауап берді.
Ақан Сатаев Альмира Тұрсынмен ара-қатынасы туралы да қауесеттерге жауап берді.
"Альмирамен доспыз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Ортақ қызығушылықтарымыз көп", - деп қысқа қайырды ол.
Еске салайық, Ақан Сатаев пен Назира Бақаева былтыр қарашада Instagram-дағы парақшаларында ажырасқанын мәлімдеген еді. Бес баланы тәрбиелеп отырған олар жақын дос болып қалғанын айтқан.
Кейін әлеуметтік желілерде "Қазақфильм" басшысы мен актриса Альмира Тұрсынның арақатынасы туралы қауесеттер тарады. Себебі екеуі де бірдей дерлік мезетте ажырасқаны талқыланды. Оған қоса, актриса сол кезде жақында жарық көрген Сатаевтың "Боксер" картинасына сценаристерінің бірі ретінде қосылды. Айта кетейік, 2019 жылы жарық көрген "Томирис" фильміндегі басты рольге Альмира Тұрсын 20 мың үміткердің арасынан таңдалған.
Десе де актриса да кейін берген сұхбаттарының бірінде ол Сатаевтан бұрын ажырасқанын және сондай қиын кезеңде жаңа өсек-аяңдар тарамауы үшін қауесеттерді жоққа шығармағанын мәлімдеген болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также