СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
23 февраля 2022 | 11:34

"АҚШ-тан алдырды". Танымал әншінің тойында акула сойылып, шоу болды

Видео кадры. Tenginews.kz коллажы

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұлдарының сүндет тойында акула сойылып, шоу жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұлдарының сүндет тойында акула сойылып, шоу жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Акуланы белгілі аспаз Бағдат Талғатұлы дайындаған. Оның айтуынша, акула еті жарты сағатта піседі.

"Той кеше, 22-сі Жетісайда өтті. Акуланы АҚШ-тан алдыртты. Балық жарты сағатта піседі. Оның еті көп адамға ұнамауы мүмкін. Тауықтың етіне ұқсайды, бірақ қышқылдау болып келеді. Бір акуланы тойда шоу ретінде ұсындық. Етін көп адам жей бермейді, акула деген аты ғана", - дейді аспаз.

Реклама
Реклама

Артынша акуланың еті қонақтарға ұсынылған. Бағдаттың айтуынша, бұл акула етін пісірудегі алғашқы тәжірибесі емес.

"Алматыда балықтың түр-түрін, сегізаяқ, тіпті жыланды да тапсырыспен мейрамханаларда пісіретінмін. Кешегі тойдағы балық - акуланың баласы. Негізі ол жабайы акула емес. Яғни жиын-тойларға тапсырыс ретінде арнайы бассейндерде 2-3 келіге дейін өсіріледі. Акуланың жасанды түрі деп айтсақ болады", - дейді Бағдат.

Сонымен қатар, бүгінде акулалардың бағасы қаншадан екенін айтты.

"Орташа есеппен бір келісі 10-15 мың теңгеден. Кешегі тойдағы акуланың салмағы шамамен 3 келі", - дейді аспаз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная