Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 января 2019 19:39

Ән арқылы ел ішіне тараған жаңа сөз тіркестерінің рейтингі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әннің де естісі бар, есері бар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әннің де естісі бар, есері бар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өз ойым" бағдарламасының 2019 жылғы алғашқы эфирінде соңғы кезде қазақ эстрадасында шырқалып жүрген әндер сөз болды. "Әннің хитке айналуы сөзіне байланысты ма, әлде әуеніне ме?" деген сауал көрермендерге қойылды. Тікелей эфир барысында әсіресе рэп орындаушылары басты назарда болды.

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әннің сөзін жазып жүргендерден анайы, ұятсыз сөздері қолданбауға шақырды. 

"Өтінішім бір-ақ нәрсе. Жастарға өлең арнап шығырып беріп жүрген топтар - ұятсыз сөздерді сахнаға шығармаңыздар. "Әр қазақ менің жалғызым" дейді, бүкіл қазақтың баласы менің де балам. Біраз ата-ана филолог, журналист емес - ол баласына дұрыс жеткізе алмауы мүмкін. Содан баласы бүлінеді. Біз осы қиын заманнан арбамызды сындырмай, өгізімізді өлтірмей барлығымыз бірге өтуіміз керек. Әйтпесе ертең жұтылып кетеміз", - дейді Серікзат Дүйсенғазы.

Бағдарламаға келген Сәнім Албосынова да 18 жасында танымал болу үшін "Тұрсынбек пен Заттыбек, Сәнім Сіздерді сүйеді" атты әнін орындаған. Ол қазіргі таңда өнер саласында емес екендігін айтты.

"Бейнебаянға түскен кезде жасым 17-де болатын. Ата-анама бұл әннің әзіл үшін түсірілгенін түсіндірдім. Тұрсынбек Қабатовтың өзімен жүздескен кезде, ол кісі әзілмен қабылдағанын айтты", - дейді Сәнім Албосынова.

Сондай-ақ, 2008 жылдары жастар арасында аса танымал болған AshKazakPro тобының рэп орындаушылары бағдарламаға келді. Алайда көреремендердің басым көпшілігі оларды танымайтынын жасырмады. Бағдарлама барысында ән арқылы ел ішінде тарап кеткен әйгілі сөздер рейтингі көрсетілді.

"Жасанды жүрек", "Ләңгілер", "Антидепрессант" әндерінің авторы рэпер Шыңғыс Әлкеев өлең оқытқаннан гөрі, ән тыңдатқан жеңіл екенін айтады.

"Менің 16-ға жуық альбомым бар. Әр альбомда кемінде 25 әннен бар. Бұл өзі құмар ойыны сияқты. Мен жұрт айтқандай жазба ақыны болдым ғой. Мектепте жүргенімде өлең жазатынмын, ақын болдым ғой. Мүшайралар мен жарыстарға қатысып тұратынмын. Студент болған шағымда Алматыда рэпер жігіттермен таныстым. Олар маған рэп орындап көр деген ұсыныс тастады. Айтып көрдім де, "сұмдық талант" екенмін ғой дедім. Рэп айтайын дедім. Өлеңді оқыту қиын, ал ән тыңдату жеңіл. Бастап кеттім де, тоқтай алмай қалдым. Осылайша 500-ден аса ән жазып тастадым", - дейді Шыңғыс Әлкеев.

Эфир барысында ой білдірген аға буын өкілдердері осындай танымалдық пен атақ, сөзі жеңіл әндердің уақытша екендігін айтты. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. "Өз ойым" бағдарламасы дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында Жетінші арнадан әдеттегідей сағат 15:00-де көрсетіледі. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети