Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 мая 2019 13:32

Әнші Бүркіт "әйелін әлдекімдердің ұрлағаны" жайлы қауесетті жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Бүркіт әйелі Аишаны әлдекімдердің ұрлап кеткені жайлы халық арасында тарап жүрген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Бүркіт әйелі Аишаны әлдекімдердің ұрлап кеткені жайлы халық арасында тарап жүрген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagtam желісіндегі парақшасында жазды. Әртіс мұндай аңыз әңгімені шығарып жүргендердің қиялында шек жоқ дейді.

"Көптен бері жазғым келіп жүр еді, бірақ... Үндемегеннен кейін адамдар ойлап қалмасын мынау рас екен деп, сосын жазып отырмын. Қадірменді көпшілік, біраз уақыттан бері, Аишаны біреу ұрлап кетіпті, сосын Бүркіт біреулермен атысыпты, сосын зорға дегенде қайтарыпты деген әңгіме-өсек қайдан шықты екен?! Айналайындар, фантазия деген ұрып тұр екен! Бұл ойнайтын әңгіме емес! Біздің беделімізді түсіргісі келген ойменен біреудің ойдан құрастырған өсегі үшін сол пендеге Аллаһ осы қасиетті Рамазан айында кешірімін берсін!", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Бүркіт бұл оқиғаларды бастапқыда естігенде мән бермегенін, бірақ барған сайын жұрт мұны болған оқиға ұқсатып әңгіме ете бастағанын айтады. Әнші жарын ешкімнің ұрламағанын және басқалардың атын қаралаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Біз басында оған қатты мән бермеген едік, бірақ барған сайын болған оқиға ұқсатып естіген жұрт алып бара жатыр! Масқара!!! Құрметті достар, әйелімді ешкім ешқашан ешқайда ұрлаған емес! Біреудің артынан өсек айтуға мәстерміз ғой! Тағы да қайталаймын, осындай кір, надан, жүйкесі тозған біреулер шығарған әңгіменің аяғы осы болсын! Құдайдан қорқыңыздар! Аллаға шүкір 2 ұл,1 қызымыз бар! Біз бақытты отбасыларының біріміз! Осы әңгімені естігенде денеміз түршігеді. Басқалардың атын қаралауды қойыңыздар! Ниеттеріңіз түзу болсын! Сабырлық берсін Алламыз!", - деп жазды желідегі парақшасында.


Суреттер instagram.com/berqut_qazaqstan парақшасынан

Еске салайық, жұп 2008 жылы танысқан. Бұл кезде Бүркіт жеке ән шығармашылығымен, ал Аиша латынамерикалық бимен айналысып жүрген. Екі жылдан кейін олар отау құрған. Бүгінде олар үш бала тәрбиелеп отыр: Омар, Зейін және Сафия.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети