20 декабря 2020 | 16:20

Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді

Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырықбаеваның айтуынша, күйеуімен ажырасқанына бір жыл болып қалған.

Реклама
Реклама

"Айтатын кез келді... Күйеуіммен бірге бес жыл тұрдық, үш баламыз бар. Екеуміз де оларды қатты жақсы көреміз. Бірақ біздің ажырасып кеткенімізге бір жыл болып қалды. Дегенмен бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетеміз. Қарым-қатынасымыз жақсы, себебі біз балаларымыз үшін әрдайым Әке мен Ана болып қаламыз ғой.

Менде де, балаларымда да барлығы жақсы, уайымдамаңыздар. Мені бұрыннан білетіндер хайп жақсы көрмейтінімді біледі, сондықтан осында бәрін жазып отырмын. Бұл туралы басқа ештеңе айтылмайды. Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет", - деп жазды Қырықбаева.

Динара Қырықбаева осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында әйел бақыты, отбасында зорлық-зомбылық тақырыптарын көтеріп жүрген болатын. Сол кезде Желі қолданушылары әншінің ажырасып кеткен болуы мүмкін екенін болжап, пікірлер қалдырған еді.

"(...) Қыздар тұрмыс құрмас бұрын ойланыңыздар. Себебі, сіз ол адаммен өміріңіздің соңына дейін боласыздар. Ол қандай адам. Мені шын құрметтейді ме, ал мен ше?-деген сұрақтарға ойланыңыздар", - деп жазған болатын әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)А

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылдың шілдесінде талдықорғандық Олжас есімді ер адамға тұрмысқа шыққан болатын.

2016 жылы әнші тұңғыш қызы Айшаны босанды. Ал 2017 жылы әншінің Бисұлтан есімді екінші баласы дүниеге келді. Былтыр тамызда әнші үшінші баласын дүниеге әкеліп, оған Айя есімін берген болатын.

Миллионнан аса оқырманы бар Динара парақшасын белсенді түрде жүргізіп отырады. Әнші бос уақытын отбасына және жеке кәсібіне арнайтын көрінеді. Сондай-ақ, соңғы уақытта отандық әнші вайндар түсіріп жүргенін байқауға болады.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная