ПОДЕЛИТЬСЯ
17 февраля 2020 | 09:35
Әнші Динара Сұлтан алтыншы баласын дүниеге әкелді
Әнші Динара Сұлтан ұлды болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Динара Сұлтан ұлды болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Адамнан адам шығу оңай емес… Қош келдің ұлымыз! Алла Ұлық!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАдамнан адам шығу оңай емес… Қош келдің ұлымыз?? Алла Ұлық!??
Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1) 16 Фев 2020 в 5:04 PST
Еске салайық, әншінің бесінші баласы 2018 жылы наурызда дүниеге келген еді.
Осыдан 2-3 жыл бұрын отандық телеарналардың бірінде Динара Сұлтанның жолдасының есімі тұңғыш рет жарияланған еді. Динарадан 17 жас үлкен жарының есімі - Ерлан Қожасбай.
Динара Сұлтан (Қоскелдиева) 1986 жылы, 8 желтоқсанда Атырау қаласында туған. Динараның музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқала бастаған. Музыкадан алғашқы сабағын анасынан алған. Мектеп кезінде ол тек жақсы оқып қана қоймай, талай рет музыкалық конкурстарға қатысып, бас жүлделерді иеленген. Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара 9-сыныпты бітіріп, музыка колледжіне түсу үшін оңтүстік астанаға келеді. КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглу сыныбына түседі.
2006 жылы колледжді бітірген соң, білім алуын ары қарай жалғастырып, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Өнер Академиясына түседі. Бұл жерде де Лаки Кесоглу сабақ беретін болады.
2006 жылы SuperStar kz республикалық конкурсына қатысып, финалға дейін барады. Кейін Қазақстанның әйгілі China Town тобында өнер көрсетеді. 2009 жылы ЖОО-ны бітіргеннен кейін, "Динара Султан" атымен жеке әнші ретінде елге таныла бастайды. 2010 жылы "Екі Жұлдыз" телешоуына қатысады. "Найди меня", "Сенің ғана", "Киелі мекен" және "Энергия любви" "әндеріне клип түсірілген.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также