Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2018 16:26

Әнші Ернар Айдар Instagram желісінде көмек сұраған науқас қызға жәрдемдесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/kyzyktystudiya © facebook.com/kyzyktystudiya

Әнші Ернар Айдар Алматы облысында тұратын науқас қыздың отбасына барып, қажетті емдік аппаратын алып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әнші науқас қызға қажетті медициналық жабдығын алып берді. Осы шараның суреттері мен видеосы Facebook желісіндегі "Қызық студия" тобында жарияланды. 


Әнші Ернар Айдар Алматы облысында тұратын науқас қыздың отбасына барып, қажетті емдік аппаратын алып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әнші науқас қызға қажетті медициналық жабдығын алып берді. Осы шараның суреттері мен видеосы Facebook желісіндегі "Қызық студия" тобында жарияланды. 

Әнші Instagram желісінде өзінен көмек сұраған қыздың отбасына барып, Раяна есімді қызға медициналық техника сыйлады. 

"Раяна құдай қаласа ниеттеніп саған алып келдік. Instagram желісінде жазыпсыз, сол жерден көріп қалдым. Алла бұйырса қыздарыңыз өз аяғымен жүріп кетейін деп тұр ғой. Өзім келіп отырған себебім, сіздерге көңіл-күй сыйлап кетейін, мойымаңыздар, жасымаңыздар. Сіздерге ақыл үйрете алмаймын ғой, барлығы жақсы болсын. Хабардамыз", - деді әнші.

Әншінің өкілі бұл оқиғаның кеше, 26 наурызда болғанын айтты. Қыздың дигнозы - спластикалық диплегия. "Ернар Айдар бұл қыз туралы хабарды Instagram желісінен 22 наурызда Павлодарда жүргенде көрген. Сосын қызға қажетті аппаратты ізде деп маған тапсырма берді. Қыз аяққа тұра алмайды, сал ауруына шалдыққан", - деді әншінің өкілі.

"Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік. Адамгершіліктің асқары - айналаға жақсылық жасау, қолдан келгенше қуанту. Ернар Айдар көрермені жазған əр пікірге зейін қойып оқитыны соншалық, жағдайын жазған жас ананың жəне оның отбасының жағдайын білуге тікелей өзі барды жəне құр алақан емес əрине. Қажеттеріне жарап қалар жаңа технологиямен жабдықталған медициналық техникасын ала барды. Балапанның дертіне шипа берсін!", - деп жазады әншінің фан-клубы.

Қыздың анасы әншіге рақметін, айтып ризашылығын білдірді. "Рақмет сізге көп-көп, кызыма көмектесіп, үйіме келгеніңізге! Алланың нұры жаусын!", - деді қыздың анасы. 

Анасының айтуынша, биыл наурызда екіге толған Раянаның дерті он айлық сәби кезінде анықталыпты. Егер елімізде баланың денсаулығы қалпына келмесе, анасы Әлия оны Қытайға емдетуге апаруға бел буып отыр.


Бұл аппарат өз бетімен жүріп-тұра алмайтын науқастарға арналған


Суреттер facebook.com/kyzyktystudiya тобынан

Айта кетейік, қазіргі уақытта кішкентай Раянаның еміне әлі де көмек қажет. Көмектескісі келетін азаматтар қыздың ата-анасының Instagram желісінде жариялаған есепшоттарын көре алады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети