Эстрада әншісі Ернар Айдар қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуанышты хабарды әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Әнші қызының есімін Айым деп қойған. Әншінің қызының кіндік әкесі - танымал әнші Мейрамбек Бесбаев. Ал кіндік анасы - Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева.
Жеке өмірі туралы ақпарат жариялай бермейтін Ернар Айдар 2017 жылы үйленген. 2019 жылы әншінің тұңғыш қызы өмірге келген. Бүгінде жарымен екі қыз тәрбиелеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!