ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сентября 2021 | 19:11
Әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді
Танымал әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өнер иесі қуанышты хабарын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Тамара Асар бүгін қыз босанды.
"Өмірге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға", - деп жазды әнші.
Тамара Асарды әріпестері де құттықтап жатыр. Алғашқылардың бірі болып әнші Мәдина Сәдуақасова ілтипатын білдірді.
"Ура, Қазақ елі! Біздің Тамара 9 ай 9 күн жүрегінің астында көтеріп қазір ғана Ажар есімді ханшайымды дүниеге әкелді. Құттықтаймын, Тамара жаным! Бауы берік болсын! Маған жұғысты болсын", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Алайда жұбайының кім екені осы жазда ғана белгілі болды. Есімі - Жұмаш, кәсіпкер.
Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі. Оның "Әриайдай", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Жаным неге", "Жалғыз досым", "Ренжімеші", "Сол бір қыз" сияқты әндері халық арасында танымал. Соның ішінде "Жаным неге" әніне түсірілген бейнебаян Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық 3D форматында жазылған.
Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылғаны да көпке белгілі. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына жол тартқан. Ол сұхбаттарында бұл өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты екенін айтады. Әншінің Қамбар есімді ұлы бар.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также