Әнші Луина некесін мешітте қиды

© instagram.com/luinaofficial

Әнші Луина бүгін некесін мешітте қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші Луина бүгін некесін мешітте қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желесіндегі парақшасында хабарлаған. Жас жұбайлар некелерін Алматыдағы Байкен мешітінде қиған.

"Құттықтай берсеңіздер болады. Мен енді бақытты жармын", - дейді әнші. Мәліметті әншінің Аслан есімді көмекшісі де растады. "Иә, Луина бүгін некесін мешітте қиды", - деді телефон арқылы әншінің көмекшісі.

Реклама
Реклама

Әншінің болашақ жары Артем Обухов есімді азамат. Ол Луинадан жеті жас кіші. Сондай-ақ үйлену тойы 19 қыркүйекте өтетіні белгілі.


© instagram.com/luinaofficial

Әншінің өзі сүйіктісінің ұсыныс жасағанын 29 шілдеде Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. 

Айта кетейік, Луина лақапатымен белгілі Луиза Қарынбаева - Маңғыстау облысының тумасы. Ол Еуразия музыкалық жүлдесінің шешімімен 2013, 2014 жылдары "Үздік әнші" атанған. Әншінің репертуарындағы Hey Lo, "Қалайша", "В интернете", "Кешір мені" әндері жұртшылыққа кеңінен танымал.

Tengrinews
Вопрос от автора
news13
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама