14 января 2020 | 09:12

Аша Матай екінші баласын босанды

Аша Матай. © instagram.com/asha_matai

Әнші әрі актриса Аша Матай босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде сүйіншіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші әрі актриса Аша Матай босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде сүйіншіледі.

Тележүргізуші қыз босанғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуіміз тағы да ата-ана атандық Құдайға шүкір. Барлық жас жұбайларға жұғысты болсын... Құттықтауларыңызға алдын ала алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Аша Матай мен Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаевқа 2015 жылдың қыркүйегінде тұрмысқа шыққан болатын. Ал 2016 жылдың қазан айында олардың тұңғышы дүниеге келген. Сол кезде де тележүргізуші қыз босанған.

Аша Матай 1988 жылы Алматыда дүниге келген. №163 орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. HitTV музыка арнасының VJ-і болған. Ал үш жылдан бері "Еуразия" телеарнасындағы "Қалаулым" бағдарламасын жүргізеді. Әнші "Шабыт" және "Жаһан дала" бас жүлдесінің иегері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная