ПОДЕЛИТЬСЯ
26 августа 2019 | 10:29
"Ашуыма тиме" - Қайрат Нұртас сынның астында қалды
Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген әнші Қайрат Нұртас сынның астында қалды. Оған тікұшаққа отырған сәтінің видеосы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген әнші Қайрат Нұртас сынның астында қалды. Оған тікұшаққа отырған сәтінің видеосы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші видеода пилотпен амандасып, тікұшаққа отырған. Алайда бұл оның желідегі оқырмандарына ұнамай қалған. "Ассалаумағалейкум, ағаларым-ай рахмет!", - деп жариялаған видеосынан кейін оқырмандары оны мақтанып жатыр деп ойлаған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кайрат Нуртас (@kair_n) 25 Авг 2019 в 10:46 PDT
Әншінің оқырмандары оны мақтанып жатыр деп сынап тастаған.
"Тым қатты мақтанып кеттің", "Бөтен елдің адамына жабыса амандасасың, қазақтың танымайтын азаматына осылай амадасар ма едің?", "Неге сонша мактаншак болып кеткенсин" дейді әншінің оқырмандары (орфографиясы сақталған).
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кайрат Нуртас (@kair_n) 25 Авг 2019 в 10:56 PDT
Алайда әншіге қолдау сөздерін жазған оқырмандары да табылды.
"Саған бәрі жарасады Қайрош", "Тіл-көзден аман болыңыз" дейді әншінің жанкүйерлері.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас 24 тамызда "Ашуыма тиме" атты әнінің тұсауын кескен. "Сүйіктілеріңіздің ашуына тие бермеңіздер деймін. Ал менен су жаңа әнді қабыл алыңыздар", - деп жазба қалдырған әнші.
Әншінің оқырмандары әнді бірден жақсы қабылдап, өз пікірлерін жазған. Алайда әнді басқа әнші Руслан Сұлтанға тиесілі екенін айтып, сынағандар да болды.
"Хит қой шықпай жатып", "Өте керемет шыққан, жаңа ғана ютуб каналдан отбасымызбен тыңдап тастағансың ғой" дейді әншінің оқырмандары.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также