ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сентября 2019 | 15:35
"Әттең, 300 мыңға ми сатылмайды". Кредит кешіру туралы Желіде қалай әзілдеп жатыр
Биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Желіде несиені жабуға қатысты қызу талқы жүрді. Арасында әзілдегендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты тапқыр әзілдері мен оқиғаларын жинады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Желіде несиені жабуға қатысты қызу талқы жүрді. Арасында әзілдегендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты тапқыр әзілдері мен оқиғаларын жинады.
Желідегі kris_p парақшасы банк алдында берешегі бар адамның шотына мемлекеттен түскен қаражаттың скриншотын жариялап, "Президент айтты, Президент уәдесінде тұрды" деп жазыпты.
Ал Facebook желісінің қолданушысы Бейбіт Қазыбеков несие өтелетіні жайлы дүрбелеңде қазақстандықтар банк мамандарының қоңырауына жауап бермесе, енді өздері сол мамандарға қол жеткізе алмай отыр деп әзілдепті.
Белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы өзіне келген хаттардың бірін жариялапты. Онда хат авторы 300 мың теңге кредит алғанын және оны мемлекет қашан төлеп беретінін сұрайды. "Кей адамдарға дауа жоқ. Тоқаев кредит жабады екен деп, бәріміз күн сайын 300 мыңнан ала берейік. Әттең, 300 мыңға ми сатылмайды", - деп әзілдепті Төлеутайұлы.
Ал танымал пародист Асқар Көмекбаев досымен вайн түсіріпті. Онда өнерпаз кредитін төлей алмай жүрген досының жағдайын сұрайды. Әңгіме соңында 4 баласы бар отбасыларға ғана кредитті жауып беретінін білген досы жұбайына хабарласады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ???????????????????? ???????????????????????????????????? (@askar_komekbaev) 6 Сен 2019 в 9:39 PDT
Ал продюсер Асхат Садырбай әпкесін үйіне дейін тегін әкеліп тастаған такси жүргізушісінің оқиғасын баяндапты. Оның айтуынша, несиесі өтелген такси жүргізушісі қуанғанынан әкеле жатқан жолаушысынан жолақы алмай қойыпты.
Ал Қызылорда облысында тұратын Ақжан Әділхан кредиттің өзге тілдерде бірдей де, қазақ тілінде "несие" деп айтылатынына назар аударып, әзіл видео түсіріпті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramОцените????? #tiktok #кредиты #несие
Публикация от ???????????????????????? ???????????????????????????????????? (@_m.milashkaa_) 30 Авг 2019 в 4:14 PDT
Made In Qaz парақшасы жариялаған видеода үнді фильмінің кейіпкерлері кредиті өтелмегені үшін өкінгендей. "Несиесі өтелмегендер түсінеді", - делінген ролик сипаттамасында.
Дәулет Төлейтайұлының тағы бір жазбасында Сарыағаш қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасы несиені жауып бергені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірген.
Ал желіде тарап жүрген мына видеода әйел адамның көңілді музыкаға қуанышы қойнына сыймай көше бойымен жүгіріп жүргені көрінеді. Роликте "Кредиттен құтылған клиент" деген жазу бар.
Бұл жаңалыққа танымал вайнер Мейіржан Төребаев басқа қырынан әзіл түсірген.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Turebayev Meirzhan (@meirzhach_tv) 7 Сен 2019 в 1:37 PDT
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтардың кредиттері мен өсімпұлдары қалай кешіріледі - Түсіндіреміз
Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также