ПОДЕЛИТЬСЯ
20 февраля 2020 | 11:46
Айқын: Жұлдыздардың Желіде лотерея ойнатуы алдау да емес, ұят та емес
Әнші Айқын Төлепберген Аман Тасығанның "Talk Like" жобасына берген сұхбатында эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілерде лотерея ойнатуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Айқын Төлепберген Аман Тасығанның "Talk Like" жобасына берген сұхбатында эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілерде лотерея ойнатуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдау емес (лотерея ойнату туралы - Авт.) Бірақ салық төлемеу - ұят. Егер сен өзіңнің Mercedes-іңді лотерея ойнатып, сатып, одан пайда тауып, бір адам ұтты - соған бердің, бірақ салық төлемесең, ол қылмыстық жауапкершілік. Мен келіспеймін. Заңды түрде болуы керек", - деп пікірін айтты әнші.
Сондай-ақ, ол өзінің жылына 500 мың теңгедей қаражатын салық төлеуге жұмсайтынын айтты. Алайда ол заңға бағынбай кеткен кездері болғанын мойындады.
"Жемқорлық туралы айтып отырсыз ғой. Сатып алған кездер болған жоқ, бірақ бағынбай кеткен кездер болды. Мен жемқорлық деп жол полицейлеріне кезексіз өтіп кеткенің үшін берген азын-аулақ тиынды айтпаймын. Жемқорлық деген жоғары жақтағы белгілі бір, мысалы мұнай кен орнын шетелге арзанға және пайызын Қазақстанға аз қылып, ал шетелдіктерге көп қылып, сату - жемқорлық. Немесе бір мемлекетке Қазақстанның пайдасын азайтып, өзіне ғана алып қою - жемқорлық", - деді ол.
Еске салайық, өткен аптада Мәжіліс отырысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарға әлеуметтік желіде арнайы келісімшартсыз лотерея өткізуге тыйым салынатынын айтқан. Алайда ол лотерея мен ұтыс ойындарын шатастырмау керек деген пікір білдірген.
Заң жобасын ұсынғаннан кейін Ақтоты Райымқұлова лотерея мен ұтыс ойындарының айырмашылығын түсіндірді. "Лотерея - белгілері бар қызмет түрі. Негізгі белгісі - егер лотерея операторы бар болса және ақша салушы лотерея қатысушысы болса. Бұл қаражат топтала келе аппарат кешені бойынша ойнатылады. Қатысушылардан жиналған қаражат, біреулер ұтып жатады. Егер бұл белгілері болмаса, ол онда лотерея деп аталмайды", - деп түсіндірген еді министр.
Кітап сатып, бірден 5 көлік ойнатқан әнші мәлімдеме жасады: Бұл - лотерея емес!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также