18 сентября 2018 | 21:20

Бала күтушінің қызметін пайдаланатын отандық жұлдыздар

Баласын арнайы қызметшінің тәрбиесіне беретін отандық жұлдыздар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Баласын арнайы қызметшінің тәрбиесіне беретін отандық жұлдыздар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Жетінші арнадағы" "Өз ойым" бағдарламасында айтылды. Бағдарламаға қонақ болып келген әнші, бес баланың анасы Қарақат Әбілдина бүгінгі таңда бала күтушісіз өмір сүру мүмкін емес дейді. 

Реклама
Реклама

"Ауадай қажет. Мына заманда тірлік жасап, шаруамен айналысу бала күтушісіз мүмкін емес деп айта аламын. Мен бұл бағдарламаға келген себебім де осы - тақырып өзіме қатты ұнады, осында келіп өз ойымды айтқым келді. Сондықтан осы арнада бала күтуші деп қана шектегім келмейтін, оң қолым деп қабылдайтын жанашырым, тілекшім, ақылшым, балаларымның екінші анасына айналған Сәуле есімді көмекшіме алғысымды білдірейінші деп келдім. Мұндай сөз аз уақыттың ішінде айтыла салмайды, көптеген жыл бойы дәлелденеді", - деді әнші студияда. 

Осылай деген әнші бала күтушісін қалай таңдағанын, қандай талаптар қойғанын баяндады. 

"Бала күтушінің нағыз керек болғаны елордамыз Астанаға көшкенде қажет болды. Ол кезде ғаламтор болған жоқ. Ғаламтор арқылы іздеуді қазір де дұрыс деп ойламаймын. Бірінші кезекте туыстарың арқылы іздейсің, туысың болмағанның өзінде жақыныңдай болған адамдарды өз үйіңе кіргізуге рұқсат бересің", - деген Қарақат Әбілдина бала күтушісіне қанша сомада ақы төлейтінін айтты.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында көрсетілген сюжетте отандық өзге де жұлдыздар өз баласын бала күтушісіне тапсыру мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Солардың қатарында әнші Айқын бала тәрбиелеуге уақыты жоқ екенін, анасы тәрбиелейтінін айтады. Ал орындаушы Айдана Меденова әзірше баласын тіпті балабақшаға апаруға қимайтынын жасырмады.  

Бағдарламаға Өскемен қаласының тұрғыны Балжан Қадылханова Skype арқылы байланысқа шығып, баласына балабақша тәрбиешілерінің қол көтергендігін айтты. Заңгер өз тарапынан осындай жағдайға тап болған ата-аналарға не істеу керектігін түсіндірді.

Бұл мәселеге қатысты психологтар, жекеменшік балабақша меңгерушілері және баласын өзге әйелдің тәрбиесіне бергісі келмейтін кейіпкерлер пікірін білдірді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная