ПОДЕЛИТЬСЯ
16 июня 2020 | 18:04
"Басында мен де күмәнмен қарадым". Айқын Төлепберген коронавирустың барына қалай көзі жеткенін айтты
Әнші Айқын Төлепберген коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Айқын Төлепберген коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Айқын Төлепберген COVID-19-ға басында өзі де күмәнмен қарағанын айтады.
"Достарым, таныстарым ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Арақашықтықты сақтаңыздар", - дейді әнші.
Әнші Нұр-Сұлтандағы досының ата-анасы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтты. Оның айтуынша, үш-төрт күн дене қызуы көтеріліп, ауыр жөтеле бастаған.
"Ауруханаға жатқызайын десе орын жоқ. Науқастар тым көп. Әрең орналастырды. Өкпесінің 40 пайыз зақымданған болып шықты. Және бұл қалжың емес. Дәрігер достарыма хабарластым, Алматыдағы жағдай да сондай. Орын жоқ! Сондықтан бұған бей-жай қарамаңыздар, арақашықтық пен антисептик! Ата-анаңызды сақтаңыз! Құрметпен Айқын Төлепберген", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn) 15 Июн 2020 в 5:05 PDT
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырған 15 192 адам анықталды. Оның ішінде 9 488 адам аурудан айығып, 81 адам қайтыс болған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также