09 сентября 2019 | 16:34

Баян Мақсатқызы Ермек Тұрсыновтың сынына жауап берді

Ермек Тұрсынов пен Баян Мақсатқызы. © Tengrinews.kz коллажы

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы режиссер Ермек Тұрсыновқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы режиссер Ермек Тұрсыновқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ермек Тұрсынов қазақстандық қоғамды сынға алып, ұлттың кері кетуіне шоу-бизнес өкілдерін кінәлаған еді.

Реклама
Реклама

"Жұтаң, азусыз шығармашылық зиялылар мен кез келген жасандыны "жеп қоятын" талғамсыз көрермен (тыңдарман, оқырман). Бүгінде Қазақстан мәдениетіндегі белгілі адамдар болып Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және сол секілділер саналады. Мәдени шамшырағымыз солар болса, қандай халықпыз?", - деген еді режиссер.

Бұған Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі парақшасында жауап берді.

"Не деген құрмет, мені тұтас ұлттың кері кетуіне басты себеп қылды! Тұрсынов мырза, сіз көп жылдан бері менің намысым мен абыройыма нұқсан келтіруге тырысып келесіз. Тұтас ұлтқа осындай төрелік айтатындай қандай құқығыңыз бар, әлде сотсыз ба? Өзіңіз айтқан осы кері кеткен ұлт жақсы көретін менің картиналарымның біреуін де қарамағаныңызға сенімдімін", - деп жазды продюсер.

Сонымен қатар, ол Ермек Тұрсыновты қоғамдағы басты мәселелерге көңіл аударуға шақырды.

"Менің сізге кеңесім: қоғамдық кеңесте жемқорлық мәселесін шешіңіз, батыл болсаңыз, саяси тұтқындарды босатыңыз, бақытсыз аналарға, балаларға, мүгедектерге әлеуметтік кепілдік ұсыныңыз, фабрика мен зауыттар салыңыз, жұмыс орындарын ашыңыз, сосын кері кеткен ұлттан алаңға неге көп шығатынын сұрауды ұмытпаңыз. Сосын ғана ұлтымызды өз фильмдеріңіздегі эстетикаға үйретіңіз. Өз кезегімде, мен сіздің фильмдеріңізді көрдім және шығармашылығызға зор құрметпен қараймын. Себебі мен басқаның атағын, талантын және табысын оңай қабылдаймын", - деді ол.  

Сонымен қатар, Баян Мақсатқызы өзінің тегін ауыстырғанын баса айтып, Бейбарыс батырдың сөзін келтірді: "Дұшпанды да құрметтеу керек".

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная