Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 апреля 2018 11:33

Бүркіт жары мен қызын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Бүркіт жары мен қызын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Бүркіт жары мен қызын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оны құттықтап, перзентханаға келгендердің арасында жақын туыстары мен эстрада жұлдыздары бар. Әншінің Instagram желісінде жариялаған суреттеріне қарағанда, перзентханадан шығарып алу салтанатына Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, "Жігіттер" тобының солистері, композитор Арман Дүйсенов, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай, Асхат Тарғын, Айдай Исаева күйеуімен келіпті.

"Құттықтауларыңызға алғыс айтамын!!! Соншама жылы сөз айтылды, көп адам біздің амандығымызды тілеп жатыр, рақмет барлығыңызға! Әрбір отбасы бақытқа кенелсін!", - деп жазды Аиша Instagram желісіндегі парақшасында.

Мақпал Жүнісова Бүркіт пен Аишаны құттықтау үшін концертінен шыға сала үйіне барыпты. Әнші жариялаған видеода түнделетіп келіп, үйдің үлкендеріне иіліп сәлем бергенін көруге болады.

"Концерттен кейін Бүркітжан мен Аишаның шаңырағына барып, келіндердің тәтті шәйін ішіп, жақсы тілегімізді айтып, Бүркітжанның анасымен жақсы әңгімелесіп, өзімнің анаммен отырғандай болдым, түн тыныштығын берсін", - деп жазды әнші.


Суреттер © instagram.com/berqut_qazaqstan

Бүркіттің жары Аиша 17 сәуірде босанған. Аиша журналистерге берген сұхбатында үшінші баласын суда босануды жоспарлап отырғанын айтқан еді. 

Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша 2010 жылы отау құрған еді. Олардың екі ұлы бар. Сондай-ақ, жұлдызды топ осыған дейін қалай танысқандарын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети