ПОДЕЛИТЬСЯ
17 января 2020 | 16:34
"Бұрынғы басшылық қоқан-лоқы көрсетіп жатыр". Бесбаев Мәжіліс депутатына айып тақты
Әнші Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы қызметіне сайланғаннан кейін, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваны жаңа басшылыққа қысым көрсетіп жатыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы қызметіне сайланғаннан кейін, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваны жаңа басшылыққа қысым көрсетіп жатыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 қаңтарда Қазақстанның бірнеше халық әртісі мен танымал әншілер бірнеше жыл қаламақысын ала алмай жүргендерін жеткізіп, мәселе көтерген. Олар Қазақстан орындаушылар одағының бұрынғы басшылығын тиісті қаламақыны төлемеді деп айыптаған. Артынша әншілер сайлау жасап, Мейрамбек Бесбаевты одақтың жаңа төрағасы етіп сайлаған.
"Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramҚұрметті Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!
Публикация от ???????????????????????????????????? ???????????????????????????? (@m_besbaev) 17 Янв 2020 в 12:28 PST
Әншінің айтуынша, енді бұрынғы басшылық оларға қоқан-лоқы көрсетіп жатыр екен. Мейрамбек Бесбаев Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваны қысым көрсетіп жатыр деп айыптады.
"Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоқы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа", - деп жазды Бесбаев.
Танымал әнші шенеуніктен бұл әрекеттерін тоқтатуды талап етті.
"Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!", - делінген Мейрамбек Бесбаевтың жазбасында.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также