ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сентября 2020 | 13:02
Димаш пен Қайраттың арасына кім от салып жүр?
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың арасына кім от салып жүргенін анықтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың арасына кім от салып жүргенін анықтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол арнайы видео түсіріп, Желіде жариялады. Продюсер әлеуметтік желіде Берік Найман есімді қолданушы жалған ақпарат таратып, Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың арасына от салып жүргенін атап өтті.
"Құрметті, Instagram желісіндегі достарым, кеше ғана жазбамның астына "Гүлзира, ханым Димашқа тиіскеніңіз рас па?" деп жазыпсыздар. Ал өнердегі достарым, бауырларым "оған сенбейміз, кім жазды?" деп жатыр. Берік Найман деген жігіт (желіге - ескерту) суретімді салып, жазба жазып, Facebook желісіндегі топтарға таратыпты... Сондай-ақ, ол осыған дейін болған оқиғаны "Бибігүл (Төлегенова - ескерту) апамыз "Димашты көк, Қайратты жер" деді" деп те жазған екен", - дейді Қайрат Нұртастың анасы.
Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова желі қолданушылары үнемі сөзін өзгертіп, ақпарат таратанын айтады.
"Оның "Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат бола алмайды, Қайрат Димаш бола алмайды" деп жазып, (желіде – автор) жұртты бір шулатқаны бар еді. Бірақ ол менің негізгі әңгімелерімді алып тастайды. Неге? Себебі, Youtube-тағы арналарда, желідегі жазылушыларды, оқырмандар санын көбейту, хайп жасау үшін осыны сәнге айналдырған", - дейді продюсер.
Ол мұндай сөзді айтпағанын, Димашқа тек жақсылық тілейтінін жеткізді.
"Мен дәрежесі, ой-өрісі төмен адам емес шығармын, біреудің баласына ор қазатын. Димаш әлемге елімізді мойындатқан барлығымыздың мақтанышымыз. Қайрат, Димаш сияқты ер азаматтар көбейе берсін. Мен тек қана Димашқа жақсылып тілеймін. Ата-анасы одан үлкен үміт күтіп отыр. Олар да баласы үшін уайымдайды... Балаларды бір-біріне қарсы қою, бір-біріне айдап салу дұрыс емес", - дейді Айдарбекова ағынан жарылып.
Осы орайда продюсер қазақстандықтарды желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
"Бір видеоны, суретті салады да адамның миына кірмейтін тақырыпты жазып қояды. Кейбірі мәселеге мән бермей, аузына келгенін айтып, балағаттап жатады. Бұл дұрыс емес. Неге біреудің өтірік айтқанына сене бересіздер?", - дейді ол.
Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова желіде Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың арасына от салып, жалған ақпарат таратып жүрген желі қолданушысын табатынын айтты.
"Сіздерге шындығымды айттым. Міндетті түрде Берік Найманды тексеріп, оны табамыз. Осы уақытқа дейін ол қанша сыртымнан өсек айтып, білгенін жасап, өтірік тақырып қойып, ұрыстырып жатса да мен үндеген жоқпын. Алайда бұған шыдау мүмкін болмай кетті. Мен бұл өсектердің бәрін жалған екенін сіздерге көрсету үшін Берік Найманның кім екенін анықтап, оны тауып, маскасын шешіп, өздеріңізбен бөлісуге тырысамын", - дейді Қайрат Нұртастың анасы.
Мәселенің мән-жайын білу мақсатында Айдарбекованың көмекшесіне хабарластық. Алайда ол желідегі видеоның қашан жарияланғанын айтқан жоқ.
"Оның кім (Берік Найман - ескерту) екенін адамдар анықтап жатыр. Басқа мәселеге қатысты ақпарат бере алмаймын" - деп ол жауабын қысқа қайырды.
Еске салайық, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырған болатын. Кейін Қайрат Нұртастың анасы ұлын "жерге" теңеген Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берген. Гүлзира Үсенқызы Қайратты жерден алып, жерге салған сайын жүрегі тілінетінін айтты. Соған қарамастан, Бибігүл Төлегеноваға ренжімейтінін жеткізді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также