07 августа 2019 | 12:03

Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды. Әншінің өкілі диагнозын айтты

Индира Расылхан. © instagram.com/indirarasylkhan

Қазақстандық белгілі әнші Индира Расылхан шұғыл ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті әншінің администраторы растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық белгілі әнші Индира Расылхан шұғыл ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті әншінің администраторы растады.

Әншінің өкілі оның ауырсынып, кеше, 6 тамызда Алматыдағы ауруханалардың біріне кешкі сағат 19.00 шамасында шұғыл жеткізілгенін хабарлады. Администратордың айтуынша, өнерпаздың іш құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келген. Қазіргі уақытта дәрігерлер консилиум өткізіп жатыр екен. Оның қорытындысы бойынша шешім шығады. Алайда әлі операция жасалған жоқ деген өкілі әншінің қазіргі жағдайы тұрақты екенін айтты.

Реклама
Реклама

Индира Расылхан шұғыл ауруханаға жеткізілгенін өзі де Instagram желісінде жазды. 

"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Аллах Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең 100, есе өзіңе қайтарылады! Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған Дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын!", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Аллах Тағалам мені тағы сынады???? Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт ,Аллама тапсырдым ???? Дұға-тілек біреуге тілесең 100, есе өзіңе қайтарылады! Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған Дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! МЕН СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІН???? Шексіз махаббатымсыздар Қазақ елі❤

Публикация от INDIRA RASYLKHAN (@indirarasylkhan) 6 Авг 2019 в 1:20 PDT

Индира Расылхан Жамбыл облысының Көлтоған ауылында дүниеге келген, қазірде төрт баланың анасы. 
Әнші бір кездері "Томирис" ансамблінде өнер көрсеткен. 2004 жылы оның "Сезім сыры" атты алғашқы клипі ротацияға шыққан, ал келесі жылы "Кимаймын" атты альбомы жарыққа шығады. 2007 жылы экрандарда әнші тағы екі клип пайда болады. 2008 жылдың сәуір айында әншінің көптен күткен арманы орындалды - оның алғашқы жеке концерті өтті.

Әншінің "Тұмарым", "Жанымда болшы", "Ғажайып түс", "Тоқта, жаным" атты әндері жұртшылыққа кең таралған. Былтыр ол "Қазақстанның Құрметті азаматы" орденімен марапатталған. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная