ПОДЕЛИТЬСЯ
04 декабря 2020 | 16:13
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш некесін қиды
Актер Жахан Отарғалиев пен әнші, КешYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш некесін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Актер Жахан Отарғалиев пен әнші, КешYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш некесін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуанышты хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Енді ресми түрде құттықтасаңыздар болады! Пранк емес. Ыстамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей", - деп жазды Балжан Бидаш.
Бір қызығы актердің сөзінше, ол Балжанмен қыз-жігіт ретінде кездеспеген.
"Ең қызығы, мен Балжанды сырттай ғана танимын. Екеуіміз бір жерде жүрсек те кездеспегенбіз", - дейді актер.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев "Свадьба КЗ", "Кино по понятиям", "Красавчики до нашей эры", "My love is Aisulu", "Uilenu kerek", "Любовь на миллион" атты фильмдерде ойнаған. Одан бөлек, актер вайн түсірумен айналысады.
КешYOU тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш бүгінде жеке әнші болып топтан бөлінді.
Бұған дейін желіде "актер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашқа сөз салды" деген қауесет тараған. Алайда әнші оны жоққа шығарған еді.
"Мен Жахан ағама қыз іздеп жүрсем, елде Жахан Отарғалиев Балжанға сөз салыпты деген өсек тарап жатыр екен" Ай, ойдан жаңалық шығаруды қашан қоямыз? Жақсы, оны қойшы, маған тез арада жеңге керек", - деген еді ол.
Показать комментарии
Читайте также