Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 сентября 2019 10:28

"Жалған ақпараттар көбейіп кетті". Сиви Махмуди жол апатынан соң мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©"Территория происшествий", instagram.com/sivi_makhmudi Фото ©"Территория происшествий", instagram.com/sivi_makhmudi

Жақында жол апатына түскен Сиви Махмуди оқиғадан кейінгі жағдайымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында жол апатына түскен Сиви Махмуди оқиғадан кейінгі жағдайымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram жеке парақшасында хабарлады. 

"Баршаларыңызға дұғада болып, мені қолдап жатқан жандарға алғысым шексіз! Қазіргі таңда үйде дәрігердің бақылауындамын! Ең бірінші Алланың және сіздердің арқаларыңызда аман-есен үйде жүрмін. Аллаға шүкір қазіргі таңда денсаулығым жақсарып келе жатыр", - дейді әнші жазбасында.


© instagram.com/sivi_makhmudi

Сондай-ақ Сиви болған жайдың мән жайын өзі айтып беретінін хабарлады.

"Интернет желісінде мен жайлы жалған ақпараттар көбейіп кетті, сол себептен болған көлік апаты жайлы жақын арада өзім айтып беретін боламын!", - деді әнші. 

Сонымен қатар әнші апат болардын бұрынғы суретін бөліскен. 


© instagram.com/sivi_makhmudi

"Осы әдемі тойдан кейін апатқа ұшырадық, бірінші күні әдемі суреттерімді жүктеп үлгере алмадым. Аман болыңыздар", - дейді Сиви жазбасында. 

Бұған дейін журналист Асхат Садырбай Сивидің жағдайы туралы айтқан. Журналис Махмудидің жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, әнші 2 қыркүйекте жол апатына ұшырағаны хабарланған. Кейін әншінің көлігіне соқтығысқан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болғаны анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети