ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ноября 2022 | 09:24
Жүрсін Ерман ауруханадан шықты
Ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы Төреғали Төреәлі, Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы Төреғали Төреәлі, Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Желіде Дидар Қами Жүрсін Ерманның жансақтауға түскенін айтып, жазба жариялаған еді. Ал кеше Төреғали Төреәлі ақынның шаңырағында түскен суретін жүктеген.
"Әкеміздің бойынан әл кеткен жоқ", - деп жазған ол Желіде.
Айтыскер Марат Ахметов те Жүрсін Ерманның жағдайын сұрауға барғандарын жазған.
"Бүгін Алматыға келіп Жүрсін көкемізді көзбен көріп, көңілін сұрап қайттық. Ағайдың жағдайы біраз жақсарып қалыпты. Тілеулес болған баршаңызға ризашылығын білдіріп жатыр. Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. Құдай тағала көптің тілегін қабыл етті деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық. ...Жүрсін көкеміздің ауруханадан сауығып шыққанын үйінде тойлап отырмыз", - деген ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Ал кейін дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также