ПОДЕЛИТЬСЯ
22 июня 2021 | 19:00
Қанат Әлжаппаров: Үкімет өз халқын қырып тастамайтын шығар?
"Әзіл әлемі" театрының актері, әзілкеш Қанат Әлжаппаров Bizben Podcast жобасының алғашқы қонағы болды. Ол таяуда шыққан "Пизнесмен Қанат" сериалы, саяси әзілдер туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, коронавирус, вакцина туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Әзіл әлемі" театрының актері, әзілкеш Қанат Әлжаппаров Bizben Podcast жобасының алғашқы қонағы болды. Ол таяуда шыққан "Пизнесмен Қанат" сериалы, саяси әзілдер туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, коронавирус, вакцина туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазір YouTube хостингінде көрсетіліп жатқан "Пизнесмен Қанат" сериалында басты рөлде ойнаған әзілкеш қазіргі жобалардағы былапыт сөздер туралы ойын айтты. Сондай-ақ, театрда өнер көрсеткенге қарағанда киноға түсу қиындау екенін мәлімдеді.
"Stand-up жанрына қарағанда кино қиындау. Негізі қай жұмыс та оңай емес. Бірақ кино сәл шаршатады. "Мотор, дубль, стоп" деген әңгімелер. Ал театрда сахнаға шығасың, мәтініңе дайындалып, жаттап алсаң болды", - дейді Қанат Әлжаппаров.
Сонымен қатар, әзілкеш коронавирус жұқтырғанын айтты. Енді вакцина салдырмақ.
"Мен де жұрт қатарлы іліп алдым. Дәм сезбей, иіс сезбей, бірақ температура болған жоқ. Вакцина салдырамын. Кішкентай кезімізден вакцина егеді ғой. Бірінші мұғалімдерге, полицейлерге салып жатыр. Былай қарасаң, үкімет ақымақ емес, оның байлығы - мұнай не алтын емес, халқы. Халқын қырмайтын шығар олар. Сол үшін вакцина салдыр десе, салдыру керек. Мен міндетті түрде салдырамын", - деді әзілкеш.
Актер әңгімесінде құрғақшылық мәселесін де көтерді. Оның сөзінше, Сырдария суы азайып, Қызылордадағы шаруашылықтар су таппай отыр екен.
"Өз өңіріме байланысты айтайын. Қызылордада Сырдарияның суы өте үлкен проблема болып отыр. Сырдария қанша елден өтіп, Арал теңізінен келіп құятын. Қызылордада шаруашылықтар күрішке су жеткізе алмай отыр, құрғақшылық. Билікке келсем, Өзбекстан, Қырғызстанмен келісіп, осы мәселені шешер едім. Сырдария - бүкіл қазақтың проблемасы", - деді Қанат Әлжаппаров.
Показать комментарии
Читайте также