ПОДЕЛИТЬСЯ
14 февраля 2022 | 15:39
Қаржы пирамидасын жарнамалап, басы дауға қалған танымал қазақстандықтар
Кейінгі жылдары Қазақстанда қаржы пирамидасының құрбаны болғандар туралы ақпарат жиі шығып жатыр. Оның ішінде, миллиондаған қаржысын салып алданып қалғандар бар. Әлеуметтік желіде жарнамаланған компаниялардың құрығына түсіп қалғандар да жоқ емес. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын жарнамалап, басы дауға қалған жұлдыздар топтамасын жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейінгі жылдары Қазақстанда қаржы пирамидасының құрбаны болғандар туралы ақпарат жиі шығып жатыр. Оның ішінде, миллиондаған қаржысын салып алданып қалғандар бар. Әлеуметтік желіде жарнамаланған компаниялардың құрығына түсіп қалғандар да жоқ емес. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын жарнамалап, басы дауға қалған жұлдыздар топтамасын жасады.
Mudarabah Capital
Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram-да мәлімдеді Оның айтуынша, Саидбаев Қылмыстық кодекстің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық "инвестициялық" пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.
Қаржы пирамидасын құру ісі бойынша күдікке ілінген тағы бір вайнер - Мейіржан Төребаев. Кеше, 10 ақпанда актер ұсталғаны туралы мәлімет шыққаннан кейін мәлімдеме жасады. Блогердің айтуынша, қаржылық пирамиданы құруға және басқаруға оның қатысы жоқ. Төребаев қылмыстық іс аясында жәбірленуші ретінде танылған. Ол салымшы ретінде полицияға арыз жазған.
Актер Mudarabah Capital компаниясын құрмағанын және оған қатысы жоғын, оны басқармағанын айтты.
"Директор, басқарма төрағасы, аппарат қызметкерлері болды. Мен онда жұмыс істемедім. Менің басқа бизнесім бар. Қаржы саласында ештеңе түсінбеймін, сондықтан оларға сеніп, алданып қалдым. Барлық зардап шеккен салымшы сияқты мен де ақша салдым, полицияға жүгіндім, әзірге ақшам қайтарылған жоқ", - деді Төребаев.
Төребаев пен Саидбаевтан бөлек, қаржылық пирамидаға қатысы бар деген күдікке актер, вайнер Мейірхан Шерниязов та ілінген болатын.
ASTEX жарнамасы
Былтыр сәуірдің аяғында қазақстандықтар вайнерлер мен танымал продюсер Баян Алагөзова жарнамалаған инвестициялық компанияға шағымданған болатын. Айта кетейік, Astex - Mudarabah Capital-дың өкілі болып саналған.
Желіде продюсердің Astex-ті жарнамалаған ролигі тарады. Видеода Алагөзова өз ақшасын салу мәселесінде компания құрылтайшыларына - ағайынды Алмас пен Шыңғысқа сенім артатынын айтқан.
"Бұл ешқандай қауіп-қатерсіз, тендерлік жобаларға инвестици жасау арқылы ақша табуға болатын Қазақстандағы жалғыз компания", - дейді продюсер роликте.
"Гарант 24" дауы
2020 жылы ақпанда "Гарант 24", "Estate Ломбард" компанияларына қатысты дау шыққан болатын. Сөйтіп Атырау, Павлодар, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталды. Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі қаржы ұйымының өңірлік директорлары ұсталды. Бұл туралы 22 ақпанда кешкі уақытта қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтқан болатын.
Артынша бұл компанияларды шоу-бизнес өкілдері бұған дейін жарнамалаған болып шықты. Оның ішінде, Асылхан және Артур Төлеповтер, Айқын және Қуат Хамиттың басы дауға қалған еді. "Гарант 24-ті" вайнер Мейіржан Төребаев та жарнамалаған еді.
Компанияның өңірлік директорлары ұсталғаны туралы хабар тарағаннан кейін өнер адамдары мәлімдеме жасай бастады. Асылхан және Артур Төлеповтер компанияны жарнамалау ролигіне қатысқаны үшін жұртшылықтан кешірім сұрады. Олар өздері де алданып қалғанын, таныстары арқылы жарнамаға шақырту алғанын айтты.
"Жүйесін көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз", - деп түсіндірді жағдайды Асылхан Төлепов.
Оның бауыры Артур Төлепов те "асып-тасып жүрмегенін" және пайызын көргеннен кейін қызыққанын айтқан болатын. Артурдың айтуынша, ол үйіндегілерге халыққа жақсы дүние шыққанын, ақшаны тапсыру керегін, осылайша бәрін көндірген. Ағайынды Төлеповтер отбасынан 13 миллион теңге ақша шыққан.
Әнші Айқын Төлепберген де "Гарант 24-тің" жарнамасына түскен. Ол өз кезегінде өзі де алданып қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әншінің ол компанияға ешқандай да қатысы жоқ.
"Мені сол компанияға досым апарған. Қымбатқа көлік сатып немесе арзанға сатып ала аласың деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Олардың Қазақстанда филиалы көп екеніне көз жеткіздім. Келісімшарттарын көрдім. Көптеген көлік пен пәтер сатып алынғанын көрдім", - дейді ол.
Айқынның сөзінше, ол компанияның "ақша өткізіп, пайызын алып отыру" туралы жүйесін тіпті естіп-білмеген.
"Гарант-24 Ломбардын" жарнамалағандардың бірі Қуат Хамит болатын. Халық түсінік беруін талап етті. Бірақ аралас жекпе-жек файтері оған қатысты еш пікір білдірмеді.
Показать комментарии
Читайте также