ПОДЕЛИТЬСЯ
18 декабря 2021 | 17:50
"Қайраттың әйелдер туралы әзіліне ренжіп қалдым". "Жұлдыздың жары" жобасында - Бақыт Тұрман
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары, әнші Бақыт Тұрман "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары, әнші Бақыт Тұрман "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында Қайраттың әйелдер туралы әзіліне неге ренжігенін әңгімелеп, тоқал алуға қатысты көзқарасын айтты.
Баұыт Тұрман жарының әйелдер туралы жиі әзілдейтініне неге ренжігенін айтты.
"Әйелдерге қатысты әзіл айтқан кезде "әйел туралы әзілдейтін жаста емессің" деп бір-екі рет айттым. Кез келген әзілін алдын-ала тыңдап, "не айтайын деп жатсың?" немесе "қандай тақырып қозғайсың?" деп қызығушылық білдіремін. Менің ойымша, ондай тақырыпқа жас сияқты көрінеді. Кейінгі кезде Қайрат қорқатын болды. "Ол туралы ештеңе айтпаймын" дейді де, шығып қайта әйелдер туралы айтады. Бірде Атырауға концертке бардық, "не айтайын деп жатсың?" деп сұрадым. "Ананы айтам, мынаны айтам" деді. Тыңдайын деп отырдым, "әйелдер деген, менің әйелім" деп бастағанда ренжіп қалдым", - деді ол.
Қайрат Әділгерей де әйелдер тақырыбында неге әзіл айтпай кеткенін түсіндірді.
"Оған сен туралы айтпадым десем, "мені айтпасаң да, мен - үйде отырған әйел емес, қоғамда жүрген әйелмін, мұғаліммін, меңгерушімін, ұжымым, студенттерім сұрайды" деді. Сөйтіп, қатты ашуланды. Кейін әйел туралы айтатын нәрсе де таусылды, мен де қойдым", - деді Қайрат.
Бағдарлама қонағы тоқал алуға қатысты да көзқарасын білдірді.
"Тоқал аламын" демейтініне 200 пайыз сенемін. Бірақ түрлі жағдай болады. Сондай кезде Қайратқа: "Біреуді шынайы жақсы көріп қалсаң, саған ренжімеймін" дедім. Қатты ғашық болып қалса, қалай жібермейсің? Ол қай кезде болады? Әйел қызықсыз кезде болады. Сондықтан әйел адам әрқашан күйеуінің көңілін тауып, өзі де қызықты, әдемі болса, ешбір ер адам ол әйелден кетпейді", - деді әнші.
Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.
Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!
Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.
Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также