10 декабря 2019 | 17:46

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар кімдер?

Камила Долаева Корреспондент

Бір ғасыр артқа шегініп, әр отбасыда он шақты бала тәрбиеленетін кездер бүгінде сиреп бара жатса да, қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - ұрпақ қамы және оның тәрбиесі болып қала бермек. Бүгінде елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Танымал қазақстандықтардың да қатарында бұл статистикаға үлесін қосып жатқандар жетерлік. Толығырақ Tengrinews.kz материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бір ғасыр артқа шегініп, әр отбасыда он шақты бала тәрбиеленетін кездер бүгінде сиреп бара жатса да, қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - ұрпақ қамы және оның тәрбиесі болып қала бермек. Бүгінде елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы тұрады. Танымал қазақстандықтардың да қатарында бұл статистикаға үлесін қосып жатқандар жетерлік. Толығырақ Tengrinews.kz материалында. 

Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина
Реклама
Реклама
 

Мысалы, белгілі жұлдызды отбасы Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның бес баласы бар. Биыл олардың шаңырақ көтергеніне 20 жыл толды. Өнерлі отбасында Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді төрт ұл және кенже қыздары Аяла бар.  

Көптен күткен қыз баланың есімін әкесі, Қыдырәлі Болман өзі қойыпты. Ал 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Аяла қыздарға ең көп қойылатын есімдерінің қатарына кірген. 

Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы Бекболат Болманов білімімен көзге түскен, ол 2018 жылы Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды. 84 мектептің 400-ден аса оқушысы қатысқан жастар арасында IQ START интеллектуалдық тестілеуінде ең үздік жеті баланың қатарына кірген. 


© instagram.com/karakat_a

Тұрсынбек Қабатов

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір де көпбалалы отбалыслардың қатарына жатады. Жұлдызды жұптың үш қызы және екі ұлы бар. Кенже ұлдары былтыр дүниеге келген, сәбидің есемі - Райымбек. 

"Тұрсынбек екеуміз қатал ата-ана емеспіз, балаларды жақсы сөздермен, ашық әңгімемен тәрбиелеу керек деп есептейміз. Қыздарымыз әкесін жақсы көреді, тіпті құпиясын да ашады", - деген Мөлдір "Наш Костанай" газетіне берген сұхбатында. 

Тұрсынбек Қабатов болашақ жарын 2000 жылдары КВН сахнасында ойнап жүргенде кезіктірген екен. Ол жас домбырашы қызды бірден ұнатып, сезімін досы арқылы жеткізген. 8 ай бойы оның жауабын күтіп, кейіннен бір жарым жыл кездескен. 2003 жылы үйлену тойлары болған. 


© instagram.com/moldir.mt


© top-news.kz

Нұржан Төлендиев

"Алдараспан" театрының басшысы, актер Нұржан Төлендиевтің алты баласы бар. Үлкен ұлі Рауан үнемі әкесімен сахнаға шығып жүреді. Әзілкеш екі кіші ұлын әлеуметтік жесіндегі парақшасына жиі салып отырады. Төлендиевтің алтыншы ұлы 2016 жылы дүниеге келген. Ол кенжесіне Таулан деген Есім берген.

 
© instagram.com/nurjan.tolendiev.official

Қайрат Нұртас  

Халық сүйіктісіне айналған әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукаримова да төрт баланың ата-анасы. Олардың Алау мен Сезім есімді қыздары мен Нарұл, Хан атты ұлдары бар.

Қайрат Нұртас былтыр наурызда балаларын тұңғыш рет концертінде жұрт алдына шығарған. Концертте әншінің ата-анасы, әйелі және төрт баласы да өнер көрсетті. Алау Қайратқызы гимнастикалық трюктер жасап, билесе, Нарұл Қайратұлы ән айтты, ал Хан деген ұлы сахнаға ханның тағына отырып шығып, көрерменге биін паш етті. Ал әнші мен әйелі, сонымен қатар, әкесі мен анасы дуэт орындады.


© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Роза Әлқожа

Танымал әнші Роза Әлқожа бес баланың анасы. Ол жұбайы Айдын Қаба екеуі Бейбарыс, Жанарыс, Еларыс атты үш ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. Әншінің кенжесін 2015 жылы дүниеге әкелген. 


© instagram.com/roza_alqozha

Динара Сұлтан

Үш қыздан кейін екі ұл дүниеге әкелген SuperStar KZ байқауының финалисі, China Town тобының бұрынғы солисі Динара Сұлтан жақында әлеуметтік желідегі парақшасына алтыншы баласына жүкті екенін хабарлады.  


© instagram.com/dinara_sultan1

"Сурая - дүниеге келгенде, мен танымалдық шыңында болдым, халықаралық конкурстарда жеңіп, Динара Султан болып елге танылдым. Сара - дүниеге келгенде, мүлдем басқа өмір басталды, шетелге көшіп, басқа елдің дәстүрімен таныс болдым. Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді", - деп жазған әнші.

Сондай-ақ, ол Мұса атты ұлы дүниеге келгенде, үш қыздан кейін аңсаған ұлымызды қойнымызға алдық, елге оралып, армандап жүрген жаңа баспанамызды алдық дейді. 

"Мәди - дүниеге келген кезде, он жыл бойы түскім келген оқуға түсіп, осы жылы магистрант атанам, сабақ беруге әбден құқығым болады, сол жылы өз шығармашылығыма оралып, "Жұлдызды Жекпе-Жекті" ұтып, жаңа аппақ көлікке ие болдым. Ақ көйлек киіп, той жасадық. Алла қаласа, бұл нәресте де өз несібесімен келеді. Алдымыздағы жыл жаңа проект пен қызықтарға толы. Дүниеге келген сәби - ол жаңа өмір, жаңа тыныс, мен үшін үлкен стимул (грамматика, пунктуация сақталған - автор)", - деп жазған ол. 


© instagram.com/dinara_sultan1

Сәкен Майғазиев 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев те көпбалалы әкелердің қатарына кіреді. Бүгінде эстрада әншісі мен жары Динара төрт баланың ата-анасы. Үлкен ұлдары Әділет 21 жаста. Одан кейін үш қыз бар. Тұңғыштарынан кейін арада 15 жыл өтіп, отбасы Райана есімді қызбен толықты. 2016 жылы Мәриям қыздары дүниеге келеді. 2018 жылы Сәкеннің отбасында тағы бір қуаныш болып, үшінші қызы дүние есігін ашты, әнші төртінші баласының есімін Сәфия деп қойған. 


© instagram.com/saken_maigaziyev

Мирас пен Құралай Бекжановтар

Бүгінде өнерде өзіндік орны бар Мирас пен Құралай Бекжановтар төрт бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі ұл, біреуі қыз бала. Жұлдызды жұп today.kz порталына берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында болған қиындықтары жайлы айтқан екен. Құралайға "бала көтере алмайды" деген диагноз қойылыпты. 

"Отбасылық өмірді жаңа бастағанда сынаққа тап болдық. Құралай төрт жыл бойы бала көтермеді. Жұбайымның: "мені жібер, үйге кетейін" деген кездері де болды. Өйткені Құралайға "бала көтере алмайды" деген диагноз қойылған болатын. Бүгінде осы қиындықтың бәрі артта қалды, Алла Тағала бізге 3 қыз, 1 ұл нәсіп етті. Бәрі иман мен сабырлықтың арқасы. Аллаға разымыз", - дейді олар.

Олар сұхбатында балаларының өнерге қатыстығы туралы да айтқан. 

"Қыз бала - өріс" дейді, сондықтан өнерге жақын болса, болашақ отбасына қиындық туғызбай ма деп алаңдаймыз. Құралай: "Мирас, сен менің қасымда жүрсің ғой" дейді, "Мендей жар бәріне қайдан жете берсін?" деп күлемін. Қыздарым бақытты отбасын құру үшін өнерге көп жақындатқым келмейді. Ұлымыз ән айтам десе, жолы ашық. Үлкен қызымыз дизайнер, екінші қызымыз актриса болғысы келеді. Бәріне уақыт төреші", - деген Мирас.

Мирас пен Құралай Бекжановтар ұлдары Арыстанбекпен трио болып өнер көрсетеді. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МИРАС & КУРАЛАЙ (@miras_kuralay_official) 10 Ноя 2019 в 6:41 PST


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная