14 декабря 2020 15:36

Қазақстандық пародистер ресейлік "Минута славы" шоуына қатысады

Қазақстандық пародист Асқар Көмекбаев Ресейде өтетін "Минута славы" бағдарламасына шақырту алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өнерпаздың өзі айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық пародист Асқар Көмекбаев Ресейде өтетін "Минута славы" бағдарламасына шақырту алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өнерпаздың өзі айтып берді.

"Биыл 12 қазанда Instagram-парақшама "Бірінші арнаның" продюсері жазды. "Өнеріңізге қызығып отырмыз, сіз салған пойыздың даусы, түрлі пародияларыңыз ұнады" деді. Сөйтіп, "Минута славы" бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасады, - дейді Асқар. 

Реклама
Реклама

Пародистің айтуынша, ол өз өнерін кез келген елде көрсете алады, оған тіл білудің керегі жоқ. 

"Қазір көңіл-күйім жақсы, бірақ іштей кішкене толқыныс бар. Бірақ менің бір қуанатыным - менің пародиямды бүкіл әлем түсіне алады. Оған тілдің керегі жоқ, дыбыс қана", - дейді Көмекбаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ????????? (@askar_komekbaev)

"Минута славы" бағдарламасының биылғы маусымына Қазақстаннан екі әртіс аттанған. Асқар Көмекбаевтан бөлек, ел намысын тағы бір пародист Әділ Ахметжан да қорғайды. 

Әділ былтыр желіде саксофон даусын айнытпай салуымен танылған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Əділ Ахметжан (@adil_ahmetzhanov)

Ертең екі әртіс те Мәскеуге жол жүреді. 

"17 желтоқсанда алғашқы репетиция болады. Ал түсірілім 25-26 желтоқсанға жоспарланып отыр. Ресей төріне барып, Қазақстан атын тағы бір шығарып, ағайын-туысты қуантып қайтқымыз келеді", - дейді Асқар Көмекбаев. 

Айта кетейік, Асқар Көмекбаев Өзбекстанда туып, кейін Қазақстанға көшіп келген. Ұзақ уақыт Ақтөбе облысында тұрған. Сонда мектеп бітіріп, Ақтаудағы колледждердің бірінде "қаржы және несие" мамандығы бойынша білім алған. 

Бұған дейін танымал әртіс Тұрсынбек Қабатовтың "Әзіл әлемі" театрында сахнаға шыққан. Бұл театрда алғаш болып Қанат Әлжаппаровпен бірге өнер көрсеткен. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram