19 февраля 2021 12:51

Қазнетте "5000" әніне қатысты жаңа тренд пайда болды

Видео кадрлары

Желіде "Ирина Кайратовна" командасының таяуда шыққан "5000" әнінің мақамын домбырамен тарту тренді пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Ирина Кайратовна" командасының таяуда шыққан "5000" әнінің мақамын домбырамен тарту тренді пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"5000" әні осыдан үш ай бұрын жарияланған. Кейін әннің клипі жарияланған. Бейнебаян Youtube хостингінде қазіргі уақытта 10 миллион қаралым жинады. 

Таяуда желі қолданушылары осы әннің мақамын домбырамен шертіп, жаңа челлендж бастады. 

Реклама
Реклама

Челленджге қатысқандар әннің қайырмасын домбырамен шертеді. 

Кей видеоға пікір жазғандар әннің мақамын домбыраға салғанда ерекше естілетінін айтқан. Әннің өзінде домбырамен ойнайтын жері бар. 

Көбі домбыра шерткенде фонда әннің түпнұсқасы ойнап тұрады. 

Әннің алғашқы нұсқасында домбыра қолданылмаған. Қайырмасы тек гитарамен ойнайтын. Тек бейнебаян шыққан кезде ән қайырмасына домбыра қосылған.  

Әзірше, "Ирина Кайратовна" тобы жаңа трендке қатысты пікір білдірген жоқ. 

Кейбірі ән мақамын домбыра және гитарамен орындаған.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram