08 июля 2021 12:30

"КешYOU" тобының экс-солисі қалыңдық атанды

Фото: instagram.com/nazym_abildina

"КешYOU" тобының экс-солисі Назым Әбілдина қалыңдық атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КешYOU" тобының экс-солисі Назым Әбілдина қалыңдық атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Мен ең керемет ер адамның қалыңдығы атандым", - деп жазды Назым. 

Реклама
Реклама

Әбілдина болашақ жары кім екенін айтпаған. Әншіні өнердегі әріптестері Аша Матай, Елиза Берікова ("Лашын" тобының экс-солисі - еск.), Алтынбек Рахметов, Еркеш Хасен құттықтаған. 

Айта кетейік, "КешYOU" - қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2006 жылы құрылған. Продюсері - Баян Мақсатқызы. Топ күні бүгінге дейін 14 құрам өзгерткен. Назым Әбілдина топтың 11, 12, 13-құрамында мүше болған. Одан бөлек, Назым бала күнінде көпшілікке танымал болған "Айгөлек" балалар байқауын бірнеше жыл жүргізген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram