Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 декабря 2019 17:44

Көлігін қирату, тұрмысқа шығу, төбелесу - Танымал қазақстандықтар жасаған пранктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Соңғы кездері пранк сөзі жиі қолданылып жүр. Көбіне өнер адамдары бейнеклип не фильм шығатын кезде осындай әрекеттерге барып жатады. Күні кеше бір миллион оқырманы бар бизнесмен Димаш Әділет желіге "сүйіктісіне" ұсыныс жасаған сәтінен видео жүктеген болатын. Көбі бұл оқиғаны шындыққа балап, БАҚ беттері бұл ақпаратты жарыса жазды. Ал бүгін блогер тек арнайы платформа үшін видео түсіргенін жариялады. Бұл - халықты қызықтырып қойған жалғыз оқиға емес. Tengrinews.kz тілшісі танымал адамдар жасаған ең қызықты пранктерге шолу жасады.


Соңғы кездері пранк сөзі жиі қолданылып жүр. Көбіне өнер адамдары бейнеклип не фильм шығатын кезде осындай әрекеттерге барып жатады. Күні кеше бір миллион оқырманы бар бизнесмен Димаш Әділет желіге "сүйіктісіне" ұсыныс жасаған сәтінен видео жүктеген болатын. Көбі бұл оқиғаны шындыққа балап, БАҚ беттері бұл ақпаратты жарыса жазды. Ал бүгін блогер тек арнайы платформа үшін видео түсіргенін жариялады. Бұл - халықты қызықтырып қойған жалғыз оқиға емес. Tengrinews.kz тілшісі танымал адамдар жасаған ең қызықты пранктерге шолу жасады.

Сиви Махмуди

"Сиви Махмуди Ринат Баситовтің көлігінің терезесін шағып тастады". Бұл - 2017 жылы БАҚ өкілдері желіде жарыса жазған хабар.

Әнші әрі актриса Сиви Махмуди Mercedes-Bens S-class көлігін гольф таяғымен ұрып, терезелерін сындырған видеосы WhatsApp арқылы тарап кеткен. Артынша бұл ролик Instagram желісінде де пайда болды.

Зардап шеккен көліктің иесі - "Азия" тобының әншісі Ринат Баситов еді. Видеода Сиви "Ол кадрларды неге аласың? Мен саған айттым ғой үш балам бар" деп айғай салған.

Алайда желі қолданушылары бұл видео әншілер басты рөлде ойнаған "Соқыр махаббат" фильмінің премьерасының алдында жасалған PR-әрекет екенін байқап қойған. 

Бүркіт

Осыдан екі жыл бұрын 23 қарашада Бүркіт лақапатымен белгілі Айбек Жансейітовтің "Логово" фильмінің премьерасы өткен еді. Туынды шығардан екі аптадай бұрын желіде Тәуекел Мүсілім мен Бауыржан Сатовтың мейрамханада сөзге келісіп, жұдырықтасып қалған видеосы тарап кеткен болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

На неделе в самом посещаемом и модном заведении южной столицы Алматницы наконец увидели гневного Тауекел Муслима. На видео заметно как Тауекел еле сдерживает себя в руках а Бауыржан в свою очередь оправдывается. Но сдержать эмоции никто не смог. В итоге потасовки появляется Беркут и разнимая лучших друзей напоминает о том что это всего лишь кино! Интересную информацию, фото и видео присылайте на WhatsApp: ????+7702 007 01 07 ???? info@ztb.kz

Публикация от ????????© ZTB.KZ 2019 (@ztb_video)

Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі бұл фильм премьерасы алдындағы PR-әрекет екенін аңғарса, енді бірі бұл оқиғаны шындыққа балаған. 

Артынша Мүсілім бұл видео Бүркіттің өтінішімен түсірілгенін мәлімдеген еді. 

Жания Джуринская

Актриса Жания Джуринская 2018 жылы Instagram желісіндегі парақшасында қалыңдық фатасын киіп суретке түсіп, оқырмандарын қызықтырып қойған болатын. Тіпті артынша "Мен "Иә" дедім" деп жазба қалдырып, видео жүктеген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен «Йя » дедiм #джуринскаяlife

Публикация от Джуринская Жания (@djurinskaya)

Актрисаның бұл жазбасын көрген оқырмандары бірден Жания тұрмысқа шығады екен деп ойлап, оны құттықттай бастаған еді. Әлеуметтік желіде де "Жания Джуринская тұрмысқа шығады" деген жаңалықтар желдей есіп кеткен еді. 

Бірақ артынша Жания тұрмысқа ол емес, құрбысы шығып жатқанын жазып жазба қалдырған болатын. Жалпы актриса оқырмандарын жиі қызықтырып қояды. Мысалы, былтыр актриса салмақ жинап алғаны жайлы қызықты жазба бөліскен. 


© instagram.com/djurinskaya

"Енді жасырып қалу мүмкін емес... Семіріп кеткенімді", - деп жазба қалдырған еді актриса. 

 Айжан Байзақова

Биыл қызу талқыға түскен жаңалықтардың бірі - блогер Айжан Байзақованың "тұрмысқа шығуы" еді. Алғашында желіде блогерге сырға салу рәсімінің, сосын "қыздар кешіндегі" видеолар тарап кеткен еді. Жұрт 2018 жылы ана атанған блогер шынымен де тұрмысқа шығады деп ойлады. 

Бір қызығы, әлеуметтік тәжірибенің шынайы болғаны соншалық Айжанның басқа да блогер достары ақыр соңына дейін ол расында шаңырақ құрады деп ойлаған. 

Блогер әлеуметтік тәжірибенің мағынасын оқырмандарына түсіндіріп берген еді. Айжанның сөзінше, ролик қоғамда түсік жасатудың көбеюі мен жастардың жыныстық сауаттылығы жайлы болған. 

Төреғали Төреәлі

Әнші Төреғали Төреәлі жас әнші Диана Исмаилмен орындаған "Уәде қайда?" атты әніне бейнеклип түсірген болатын. Алайда оны БАҚ беттері клип сюжетіндегі оқиғаны алып, әнші келіншегіне "көңілдесімен ұсталып қалды" деп таратып, желі қолданушылары қате түсініп қалған. 

Төреғали әйелінің көзіне шөп салған азаматтың рөлінде ойнаса, әншінің сүйіктісі - Диана Исмаил. Ал әйелі болып өнер иесінің өмірдегі жары Толқын ойнаған.

Димаш Әділет 

Бизнесмен "сүйіктісіне" ұсыныс жасаған видеосын Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Желі қолданушылары блогердің бұл жаңалығына сенер-сенбесін білмей қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

She said yes ❤️

Публикация от Dimash Adilet | Genève (@dimashadilet)

Алайда оның оқырмандарының арасында Димаштың бұл жаңалығына сенгендер көп болған көрінеді. Себебі ол бұған дейін ресейлік модель Вики Одинцовамен түскен суреттерін бөлісіп отырған. 


© instagram.com/dimashadilet

Алайда артынша Димаш Әділет видео шындыққа жанаспайтынын хабарлап, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдеріне ақпаратты жеке өзінен электрон поштасы арқылы тексеріп алуға шақырған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети