Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 октября 2019 17:39

"Концертке 9 көрермен келген". Сахнадан көрінбей кеткен танымал әншілер қайда жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Өткен аптада Tengrinews.kz порталында көптен бері көгілдір экраннан көрінбей кеткен әншілер жайлы материал жарияланған болатын. Сахнаға шықпай кеткен әншілердің қарасы аз емес. Назарларыңызға көптен бері көрінбей кеткен әншілер жайлы материалдың екінші бөлімін ұсынамыз. 


Өткен аптада Tengrinews.kz порталында көптен бері көгілдір экраннан көрінбей кеткен әншілер жайлы материал жарияланған болатын. Сахнаға шықпай кеткен әншілердің қарасы аз емес. Назарларыңызға көптен бері көрінбей кеткен әншілер жайлы материалдың екінші бөлімін ұсынамыз. 

Бауыржан Исаев

Жалпы продюсерсіз жұмыс жасайтын әншіні көрінбей кетті деуге келмес. Себебі соңғы уақыттары әнші телебағдарламаларға қатысып, түрлі концерттерде өнер көрсетіп жүр. "Ақ Жайық" газетіне берген сұхбатында әнші өзіне көрінбей кеткені жайлы сұрақтың жиі қойылатынын айтқан. Оған әнші былай деп жауап берген:

"...Негізі уақытымның көбі дәріс алу, тәжірибе жинаумен өтті. Шымкент қаласында музыка колледжінде оқыдым, Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерваторияда, одан кейін аспирантурада оқыдым. Оның бәрі 10-12 жылға созылды. Бармын, сахнадамын. Тыңдармандарды, көрермендерді әлі де жақсы әндермен қуантамын деп ойлаймын", - деген екен әнші. 


Бауыржан Исаев © instagram.com/bauyrzhan_issayev_official

Бір қызығы, 2018 жылы 20-21 ақпанда Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрында өткен әншінің концертіне бірінші күні залда тек тоғыз көрермен болған. Сөйтсек, бұл әншінің келетіні жөнінде халыққа алдын ала хабарланбағандықтан болған жағдай екен.


Видео: "Ақ Жайық" газеті

Мақсат пен Мақсат тобы

Қос бірдей жігіттің атымен аталған топ бір кездері халық ықыласына ерекше бөленген еді. Кейіннен Мақсаттың біреуі ғана қалғанымен топтың аты өзгермеген. Бүгінде Мақсат Мырза мен Мақсат Ынтықбай жеке әнші болып та өнер көрсетіп жүр. 

Айта кетейік, Мақсат Мырза жары Меруерт Әлімбек "Мақсат пен Меруерт" болып ән жазып, бейнеклип түсіріп жүр. 


Мақсат пен Мақсат. Алғашқы құрам

Тахмина Әшімбекова

Көптен бері көрінбей кеткен әнші осыдан екі жыл бұрын "Жеңешем" атты әніне бейнеклип түсіріп, халық алдына шыққан. Сонымен қатар, жақында әнші "Жаным" атты әніне бейнеклип түсірген. Бұдан бөлек Тахмина той бизнесті де дөңгелетіп жүрген көрінеді. Себебі әнші репертурындағы әндерімен қыздарды ұзатып жүр екен. 


Тахмина Әшімбекова © instagram.com/tahmina_ashimbekova

Сырым Исабаев

Қайрат Нұртаспен дуэт құрып, актерлік қабілетімен де танылып үлгерген әнші Сырым Исабаев бүгінде мүлде көрінбей кеткен әнші. "Сырым Исабаев қайда жүр?" деген сұрақ әншінің жанкүйерлерін әлі күнге дейін мазалайтыны анық. Белгілісі - әншінің соңғы әндерінің бірі 2016 жылы шыққан "Бүгін жұма" атты шығармасы. 

Әншінің Instagram желісінде парақшасы бар. Бірақ әнші әлеуметтік желіде белсенді емес екен. 


Сырым Исабаев

Ермек Балжігіт

Бес жасында үлкен сахнаға шығып, жеті жасында жеке концертін берген "Қазақтың кішкентай Майкл Джексоны" атанған Ермек Балжігіт бүгінде сахна төрінен сирек көрінеді. Ермек Алматы арнасына берген сұхбатында неліктен сахнадан көрінбей кеткенін түсіндірген. 

"Қазіргі таңда менде өтпелі кезеңболып жатыр. Бұл кезде дауыс өзгереді. Жалпы бұл кезеңде дауысты жақсы күту керек. Көп қинамау керек. Қазір мен тек фальцетпен, дауысты қинамай ән айтып жүрмін. Алдағы таңда даусым жақсы қалыптасады деп ойлаймын. Сол кезде жақсы бейнебаяндар және 3-4 ән жазамын", - деген еді жас әнші. 


Ермек Балжігіт

Алмас Кішкенбаев

2004 жылы алғаш өткен Superstar.kz жобасының жеңімпазы, әнші Алмас Кішкенбаев та соңғы кездері сахнадан көрінуді сиреткен. Алайда біраз шығармашылық үзілістен кейін әнші ән әлеміне оралған. Бүгінде әнші екі қыздың әкесі. 

Алмас Гәкку арнасының "Шыны керек" бағдарламасында берген сұхбатында жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты біраз көңіл күйі болмай жүргенін айтқан. 

"Ішімдікке салынып кеттім деп айта алмаймын. Бірақ сәл жақындау болғаным рас. Яғни мендегі артық салмақ соның кесірінен. Соңғы кезде өмірімде болып жатқан өзгерістерге байланысты бұл үш есеге артып кетті. Бастысы, ол жаман нәрседен қазір алыспын, өмірімде мүлдем жоқ. Ешқашан жақындамаймын. Арнайы емделетін жерге баруыма тура келді", - деген еді әнші. 


Алмас Кішкенбаев © instagram.com/a.kishkenbaev

Ернар Жұматаев - "Денар" тобы

Денар тобын еске алғанда топ мүшесі болған әнші әрі актер Ернар Жұматаев еске түсетіні анық. Әнші "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында неліктен топтан кеткенін түсіндірген. 

"Негізгі мамандығым актер болғандықтан, театр саласына кеттім", - деген екен әнші. 

Айта кетейік, Ернар Жұматаев - бүгінде Нұр-Сұлтандағы жастар театрының директоры. 


Ернар Жұматаев

"Қара тізімге еніппіз". Сахнадан көрінбей кеткен танымал әншілер қайда жүр?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети