17 марта 2021 | 13:02

"Ләззат алмаймын, бірақ күшті жігіт". Нұрлан Сабуров Димаш туралы

Нұрлан Сабуров. Фото: fighttime.ru

Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуров қазақстандық танымал тұлғаларды қолдау мәселесі және Димаш Құдайберген туралы ойын білдірді. Бұл туралы ол тағы бір комик Слава Комиссаренконың Youtube-тегі "Время от времени" подкастында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуров қазақстандық танымал тұлғаларды қолдау мәселесі және Димаш Құдайберген туралы ойын білдірді. Бұл туралы ол тағы бір комик Слава Комиссаренконың Youtube-тегі "Время от времени" подкастында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрлан Сабуров танымал өнер адамдарымен таныстығы туралы айтып берді. 

"Сенің отандасың, қазақ таныла бастаған кезде оны қолдағың келеді. Жеке танысу міндет емес. Яғни қандай да бір іштей қолдау бар. Мысалы дүние жүзіне танымал Димаш (Құдайбергенді айтып отыр - авт.) бар. Өз басым оның даусынан ләззат алмаймын, бірақ күшті жігіт. Сондықтан онымен жеке танысуым міндет емес, тек қолдау білдіремін", - дейді әзілкеш.   

Реклама
Реклама

Әзілкеш шығармашылықтан бөлек, өз елінің де жағдайын ойлап жүргенін айтады. 

"Соңғы кездері соған да назар аударуым керек секілді ойлар пайда болды. Кәсіби қызметімнен бөлек, үлкен нәрсе болмаса да, жақсы бір нәрсе істегім келеді. Әзірше оның не екенін, қалай болатынын түсінбеймін. Бәлкім ойымды жинақтай алмай тұрғанымнан болар. Бірақ ниет бар.

(...) Әсіресе бірнәрсе дұрыс емес екенін көріп отырған кезіңде. Уайымдайсың. Әсіресе былтырғы жағдайлар. Сол туралы ойлай бастайсың. Себебі егер ол туралы мүлде ойламайтын болсаң, өз ісіммен айналысып жүре берем деп ойласаң, өзіңді оңбаған сезініп, саған қатысы жоқ сияқты жүресің. Көмектескің келетінін түсінесің, бірақ қалай көмектесеріңді білмейсің. Ал қолда бар мүмкіндіктердің әсері жоқ секілді көрініп, бәрінен күдіктене бастайсың. Көп сұрақ пайда болады да нәтижесінде көңілің түсіп отырасың. Осындай сезімнің болғанын қаламайсың", - дейді Нұрлан.  

Сонымен қатар, Нұрлан YouTube-тегі танымал "Что было дальше?" шоуы қалай құрылғанын айтып берді. Айта кетейік, "Что было дальше?" (ЧБД) LabelCom YouTube-арнасындағы шоу. Бағдарлама барысында қонақтар өмірінде болған қызық оқиғасын айтады. Алайда оны соңына дейін не болғанын айтпайды. Ал қатысушылар оқиғаның немен аяқталғанын айтып, түрлі нұсқа ұсынады. 

"Маған Тамби (қатысушылардың бірі) хабарласып, "Сені жаңа шоудың техникалық түсіріліміне шақырамыз", деді. Мені қонақ ретінде шақырған. Мен жақсы деп, Қазақстандағы корпоратив туралы оқиғаны дайындадым. Бәрін айтып бердім, қызық болды. Сол кездегі сурет те бар. Болды. 

Біраз уақыттан кейін Макс Морозов "Сені жүргізуші ретінде бір шоуға шақырамыз. Ол жерде Тамби мен Рустам да болады. Сосын Леханы да (Алексей Щербаков) шақырғымыз келеді" деді. Мен келістім. Сосын Тамби мен Рустам Артурды да шақырды. Техникалық түсірілім жасап көрейік дедік. 

Бір түсінгенім, ол шоуда кез келген әзілді айта бересің, адамдарға ол маңызды емес, олар оған ренжімейді де. Өлімнен бастап бәрін айта бересің. Мысалы бір адамның дұрыс емес тұсын көріп қалып, соны адамдарға үш еселеп жеткізсең, олар мұны қуана қабылдайды. Сосын ішіңнен "уау" деп ойлап қаласың. Керегі осы екен деп ойлайсың. Одан кейін ешқандай ресмилік жоқ. Сен жай ғана сахнада отырасың, ешқандай шектеу, ереже жоқ, тек адам туралы тік, нақты әзілдеп отыра бересің. Яғни адамның бір ерекшелігін тауып, оны минусқа айналдырып отыра бересің", - дейді стендап комик. 

Еске салайық, Нұрлан сабуров ТНТ телеарнасындағы Stand Up шоуына қатысқаннан кейін танымал бола бастады. Ол Ақмола облысындағы Степногорск қаласында туған. Студент кезінде КВН-де ойнаған. Ал былтыр мамырда Сабуров Forbes рейтингі бойынша 30 жасқа дейінгі әлеуетті ресейліктер тізіміне кірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная