27 ноября 2021 18:00

"Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім". "Жұлдыздың жары" жобасында - Бауыржан Сатов

Әнші Альбина Шардарованың жары, актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Альбина Шардарованың жары, актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасындағы қиын кезең, студенттік шағы, әкесінің қалай қайтыс болғаны, гендер патидегі оқиға туралы әңгімеледі.

Реклама
Реклама

Бағдарлама қонағы қиын балалық шағы туралы әңгімелеп, әкесінен қалай айрылып қалғанын айтты.

"Мен үште едім. Әкем жиырма бесте, анам жиырма төртте, інім сегіз айлық болатын. Әкем Думан жақтан үй салып жатқан. Әжем сауда-саттықпен айналысқан, арақ-шарап сатқан. Бірде көршілер түнде келіп, сұраған. Әжем түн болғанын айтқан. Бір сөзбен айтқанда, сол кісілер ауыр сөз айтып, ата-әжемді ренжіткен, оны әкем естіген. Ол  - Батыстың адамы, қызуқанды. Әкем атып шығып, араларында жанжал туған. Олар түнде мылтық алып келген. Ит үрген, итті атқан. Әкем жүгіріп шыққан. Екінші оғы әкеме тиген. Қазір қарулы келген адамдарға неге құралақан шықты екен деп ойлаймын" , - деді ол.

Ол гендер патиге қатысты сұраққа жауап беретін мүмкіндік енді туғанын айтып, оқиғаның мән-жайын баяндады.

"Гендер пати жасайтын күні 100 пайыз ұл болатынына кәміл сендім. Ұлды қалаған жоқпын. Мен солай ойладым. Өйткені ультрадыбыстық тексеріс кезінде дәрігерлер, Альбинаны қарап жүрген дәрігерлер "ұл" деді. Бір кезде қарасам, қызыл ма, қызғылт па шықты. Түсінбей қалдым. Тәуекел тура келіп, бетімді түсірді. Мен түсінбей тұрмын. Жағдайды әлі қабылдап жаттым. Шын мәнінде, видеодан қарасам "қыз" деп көңілім түскен сияқты көрінді", - деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram