"МузАРТ" тобының солисі көпбалалы әке атанды

Кенжебек Жанәбілов © instagram.com/kenzhebekmuzart

"МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы төртінші баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы төртінші баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сүйінші хабарды әнші әріптесі Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген. 

"Сүйінші, ағайын! Қасиетті жұма күні Кенжебегіміз бен Жәмиламыз ұлды болды! Құлыншағымыз нағыз ер азамат болып өссін", - дейді әнші жазбасында. 

Реклама
Реклама

Әншіні белгілі әншілер Маржан Арапбаева, Толқын Забирова, Ғазизхан Шекербеков, Айгүл Елшібаева құттықтап, жылы лебізін білдірген. 

Айта кетейік, Кенжебек Жанәбілов 1982 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген. "МузАРТ" тобының әншісі топта көбіне сылдырмақта ойнайды. Әнші отбасындағы 18 баланың кенжесі.

Кенжебек Жанәбілов отбасымен © instagram.com/kenzhebekmuzart

Кенжебек Жанәбілов 2007 жылы шаңырақ құрған. Әншінің айтуынша, ол жарымен отбасылық кеште танысқан. Көпбалалы әке атанған әншінің Ахмет есімді ұлы мен Карима және Калима есімді егіз қызы бар. 

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар кімдер?

Tengrinews
Вопрос от автора
news14
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама