Нағима Есқалиеваның ұлы жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады

Диас Аблаев © Boom деп аталатын бейнебаянның кадры

ҚР Халық артисі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Халық артисі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев жаңа бейнебаяны шыға салысымен сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Boom деп аталатын бейнебаяны бүгін, 10 қыркүйекте шыққан.

Клипте Диас Аблаевтың түрлі образда ән айтады. Америкалық футбол ойыншысы киімімен "Айгөлек" ойынын ойнаған соң ол кейін америкалық командалардың жанкүйер қыздарының формасымен ән салады. Бейнебаянды режиссер Кристоф Боснитч түсірген. Бірнеше сағатта клип 5 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген. 

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары мұны хайп үшін жасады деп, тағы бірі жылдар өткен соң осы өнері үшін ұялады деп пікір жазған. Алайда туындыға оң бағасын бергендер де табылды. Олар мұны "жаңа деңгей" деп атап отыр.

Еске салайық, былтыр да әнші "Накатуки" деп аталатын әніне түсірген клипімен дауға қалған. Оны қолданушылар "мағынасыз" деп атап, әншілік өнерді тастауға кеңес берген болатын.

Айта кетейік, Диас Аблаев 1986 жылдың 25 сәуірінде дүниеге келген. Ол әншілікпен қатар композиторлықты да қатар алып жүр. Бұған дейін "Армаймын саған" және "Жанарыңда" деп аталатын әнімен танылған. Ал 2016 жылы "Армаймын саған" әнімен "Гәкку" арнасының музыкалық жүлдесін жеңіп алған. Ол өзінің барлық әнінің әуенін өзі жазады.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news14
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама