26 апреля 2021 | 23:06

"Нұр-Мұқасан" дуэтінің экс-солисі қызметке тағайындалды

Нұрлан Қонысбаев пен Мұқасан Шахзадаев © instagram.com/mukassan

"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев "Алматы Әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев "Алматы Әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Алматы Әуендерінің" су жаңа көркемдік жетекшісі Мұқасан Шахзадаев досыммен.

Қазақ әніне 30 жылдан аса уақыт еңбегі сіңген, халықтың сүйікті ұлына айналған Мұқаш ару Алматының өнерін дамыту ісіне зор өмірлік һәм кәсіби тәжірибемен кірісіп отыр. Мұқасанға сәттілік тілейік, ағайын!", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, көркемдік жетекші қызметін2018 жылдан бері әнші Бахтияр Тайлақбаев атқарып келген болатын.

Айта кетейік, дуэттің өнер жолы 1990-жылдардың басында "Бауыржан шоу" театрынан басталған болатын. Топтың "Махаббат мәңгі ертегі", "Құдаша қыз", "Не пайда", "Бақытыңды жырлайды", "Іздеймін сені", "Неткен өмір" атты әндері жұртшылыққа кең таралған.

Топтың тарап кеткені туралы ақпараттар 2016 жылы шыққан еді. Алайда артынша топ бірде қосылып, қайта тарап кеткен. 2017 жылы Мұқасан Шахзадаев жеке шығармашылығымен айналысып жүргенін мәлімдеген. Ал 2019 жылы Мұқасан Шахзадаев топ неге тарап кеткенін түсіндірген болатын. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная