"Орыс YouTube-індегі масқара". Тимати мен Гуф не үшін ақталды?

11 Қыркүйек, 12:20
1
"Орыс YouTube-індегі масқара". Тимати мен Гуф не үшін ақталды? -

Ресейлік рэп орындаушы Тимур Юнусов - Тимати 7 қыркүйекте YouTube-тегі арнасында "Москва" бейнеролигін жүктеген. Видео екі жарым күннің ішінде дизлайк жинаудан рекордтық көрсеткішке ие болған. Алайда артынша ресейлік әнші видеоны өшіріп тастаған. Бейнеклип жергілікті халыққа ұнамай, наразылық туғандықтан видеоны желіден өшіруге шешім қабылдаған. Tengrinews.kz тілшісі әншінің не үшін ақталғанын анықтап көрді.

Бейнеролик екі жарым күннің ішінде 5,5 миллион қаралым жинаған. Соның ішінде 1,5 миллионға жуығы дизлайк болса, тек 90 мың көрермен лайк басқан. Дизлайк саны көп болуына елдегі саяси оқиғаларға қарамастан, әншінің Ресейде барлығы жақсы екенін көрсетуі себеп болған. 

Видео бірден дизлайк жинаудан TOP-30 тізіміне енген. 

Қазіргі таңда клип YouTube желісінен алып тасталған. Тимати мен Гуф олардың тарапына жазылған негатив сөздерге шыдай алмаған.  

Әннің сөздеріне мән берсек, Тимати қазіргі билік өкілдерін мақтаған. Халық наразылығын тудырудың да басты себебі осы болған. "Москва" әні Ресейдің бас қаласына арналған туынды. Видеода қаланың әсем жерлері көрсетілген. 

"Бесінші ұрпақ өкілі, нағыз мәскеулікпін, 

Митингілерге барып, сандырақ айтпаймын". 

"Арбаттан Гагарин алаңына дейін жаяу жүремін, 

Собяниннің денсаулығы үшін бургер жеймін", - дейді Тимати әнінде. 

Видеоблогер Ильдар Хабибуллин әннің сөздеріне талдау жасаған. 

"Тимати, әрине, егер сен күнде жоғары шенді адамдардың жанында жүрсең, саған митингіге шығудың еш қажеті жоқ. Сен сол адамдардың айналасында жүргеніңді барлығы біледі. Сен басқа әлемде, басқа Ресейде өмір сүресің. Мен саясатқа араласқым келмейді. Бірақ мені алаңдататыны, осындай видео жасап шығу үшін қанша қаражат төленді? Ауылдарға барып, халықтың қалай өмір сүретінін қарап көр", - дейді Хабибуллин. 


Ильдар Хабибуллин © instagram.com/masterildar

10 қыркүйекте Тимати Instagram желісіндегі парақшасында видеоны өшіретіні туралы жазба қалдырған. 

"Дау-дамай өршіп кетті. Рекорд орнатты десек болады. Бірақ ондай ойым болған жоқ. Өз ойыңды өткір түрде жеткізу - менің стилім. Бірақ миллиондаған адамды ашуландыру үшін біраз күш жұмсау керек. Мен пікірлердің негативпен қабылданатынын түсінемін. Бірақ бұл жерде артық болып кетті", - дейді Тимати.

Әнші клип арқылы ешкімді ренжіткісі келмегенін және Мәскеуді жақсы көретінін атап өткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Шума вышло более чем. Вышел на рекорд. Только цели такой не было. Высказать своё личное мнение в достаточно острой форме, да в моем стиле. Разозлить такое количество людей, это еще надо постараться. Но совсем не этого хотелось. Я понимаю что резонансное мнение часто воспринимается через призму негатива, как любое не популярное решение. Здесь перебор вышел. Я люблю свой город, и он сейчас для меня в лучшей форме за все 36 лет моей жизни, за что я безмерно благодарен тем, кто это реализовал - моё уважение !! Продолжать цеплять людей без повода не хочу, и без меня проблем у каждого хватает. Мне не нужен этот срач точно, поэтому, дорогие друзья: Удаляю это видео что бы не продолжать эту волну негатива. Цели обидеть кого-либо не было.

Публикация от Black Star (@timatiofficial)

Сонымен қатар Гуф деген лақапатпен танылған Алексей Долматов та Instagram желісіндегі парақшасында осы мәселеге қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, ол саяси мәселелерден түк хабары жоқ және қала әкімін сайлау өтетінен де бейхабар болған.  

"Мен шынымды айтсам соңғы екі-үш күнде болып жатқан оқиғаларға таңғалдым. Маған осы клиптен кейін жаман пікірлер көп айтылды. Мен елдегі саяси мәселелерге аса мән бермейтініме қатты өкіндім. Тіпті қала мэрін сайлаудың болғанын да білмеппін. Маған қала күнімен құттықтау керектігі айтылды. Клиптан бір де бір тиын алған жоқпын. Мен сондай сандыраққа сеніп қалдым. Мені алдап кетті. Баршаңыздан кешірім сұраймын", - дейді Гуф. 

Айтпақшы, бейнебаян өшірілсе де, оны көшіріп алып, өз арнасына жүктегендер бар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц