03 марта 2021 | 12:02

RaiM & Artur дуэтінің әншісі үйленді

Артур және Райым

RaiM & Artur дуэтінің солисі, қазақстандық әнші Артур Давлетияров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

RaiM & Artur дуэтінің солисі, қазақстандық әнші Артур Давлетияров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Қысқасын айтқанда, не айтарымды білмей тұрмын, мен бақыттымын" , - деп жазды әнші. 

Реклама
Реклама

RaiM & Artur дуэті арқылы белгілі әнші сүйіктісінің жүзін смайликпен жауып, жарының кім екенін құпия ұстауды жөн көрген. 

Артурдың оқырмандары мен танымал қазақстандықтар әншінің қуанышты жаңалығын естіп, құттықтаған. Алайда оның арасында бұл пранк деп ойлаған оқырмандар да болған.

"Пранк емес шығар деп үміттенемін, бақытты болыңдар!", "Пранк сияқты", - деп жазды әншінің оқырмандары. 

Raim & Artur - оралдық дуэт. Олардың танымалдығы "Самая вышка" әнінен кейін арта түсті.

YouTube дуэттің "Дискотека из 90-х" композициясын 2018 жылдағы Қазақстандағы танымал музыкалық видео деп атады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная