Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 сентября 2019 17:52

Саясатта жүрген жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Мәдениет саласында өнерден бөлек басқарушылық лауазымды қатар алып жүрген жұлдыздар бар. Tengrinews.kz екі саланы қатар алып жүрген отандық шоу-бизнес өкілдері жайлы материал ұсынады.  


Мәдениет саласында өнерден бөлек басқарушылық лауазымды қатар алып жүрген жұлдыздар бар. Tengrinews.kz екі саланы қатар алып жүрген отандық шоу-бизнес өкілдері жайлы материал ұсынады.  

Алтынай Жорабаева

Өткен жылы желтоқсанда Алтынай Жорабаева Nur Otan партиясында жауапты қызметке тағайындалған болатын. Ол партия қатарына 2017 жылы қабылданған еді. 

Әнші Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясында саяси кеңес құрамының мәдениет саласынан бекітілген.

Жорабаева 2006 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атанып, ал 2017 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Асылхан Төлепов

Танымалдығы режиссер Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" фильмінен кейін артқан актер Асылхан Төлепов 2016 жылы №15 сайлау округі бойынша Алматы мәслихатының депутаты болып сайланған еді. Ол Nur Otan партиясының атынан Алматы қаласы Наурызбай ауданынан мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген болатын. Актер сайлаушылардың 73,8 пайыз даусын жинады. 

Төлепов "Жаужүрек мың бала" фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталған. 2013 жылы  "Серпер" Жастар сыйлығының иегері атанған.

Асылхан Төлепов те Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының түлегі. 2015 жылы Төлепов оқу орын "Актерлік шеберлік" мамандығы бойынша аяқтаған. Мәслихат депутаты таэквандодан қара белбеу иегері. 

Cаят Медеуов

2017 жылдың сәуірінде танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған.

Сайлау негізінен 26 наурызда  өткен. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалған.

Саят Медеуов 1998 жылдан республика жұртшылығына таныла бастады. Әнші 2015 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атанған. Медеуов "Көк шолақ", "Сен көріктісің", "Алтыным" атты әндерімен белгілі.

Дулат Мұхаметқали

2018 жылы 20 ақпанда Жас Отан жастар қанаты орталық кеңеске 16 адамды дауыс беру арқыры қабылдайтынын мәлімдеген. Жеңіп шыққандардың қатарында Ninety one тобының солисі Zaq лақап атымен белгілі Дулат Мұхаметқали де болған. Әнші сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен. Барлығы 363 жастар өкілі өз кандидатурасын ұсынған. 

Дулат 1996 жылдың 8 ақпанында Семей қаласында дүниеге келген. 2-сыныптан бастап хип-хоп мәдениетіне қызығушылық танытып, рэп жаза бастаған. Алматыға көшіп келгеннен кейін Raphana Rec андэграунд лейблінің қатысушысы болған. 

Ninety one тобы 2014 жылы құрылған. Дулат Мұхаметқали топта "топ келбеті" атағына ие.

Нұрлан Әлімжан

2019 жылы 16 тамызда Nur Otan өкілдері Мәжілістің жаңа депутаттарының есімін жариялаған еді. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша актер Нұрлан Әлімжановқа да Парламент Мәжілісі депутатының мандатын беру туралы шешім қабылданған.

Артынша жаңадан тағайындалған депутатың жалақысы белгілі болды. Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта депуттаттың жалақысы - 684 874 теңгені құрайды.  Парламент мәжілісінің айтуынша, бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады екен.

Әлімжанов "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған. 

Мейрамбек Бесбаев

Биыл 3 қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әнші Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын мәлімдеген. Артынша әншінің өзі де тағайындалуына байланысты пікір білдірген. Беспаев мәдениет саласында халық үшін еңбек етуге барын салатынын айтқан.

Бесбаев 1994-98 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы театр академиясының "Актер, драма, кино" факультетінде білім алған. Алғаш кәсіби жолында "Сүйінбай" атындағы филармонияда әнші болған.

Әнші 2012 жылғы президент жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.

Қыдырәлі Болман

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып биыл 4 қыркүйекте тағайындалды. Қыдырәлі Болманов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып бекітілген.

Болманов 1991 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген. 2001 жылдан - "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі және 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры қызметін атқарған.

Болманов 2013 жылы Құрмет орденінің иегері атанған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети