06 ноября 2021 14:00

Шоу-бизнесте қара тізімдегі әнші кім?

Бір кездері сахна төрінен түспей жүрген әншілер бүгінде мүлде көзден таса болып кетті. Бірі сахнаға бірнеше жыл сала шығып тұрса, енді бірі мүлде көрінбей кетті. Көптен бері көрінбей кеткен өнер адамдары қайда жүр? Олардың сахнадан кеткені рас па? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір кездері сахна төрінен түспей жүрген әншілер бүгінде мүлде көзден таса болып кетті. Бірі сахнаға бірнеше жыл сала шығып тұрса, енді бірі мүлде көрінбей кетті. Көптен бері көрінбей кеткен өнер адамдары қайда жүр? Олардың сахнадан кеткені рас па? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Әнші Нұрлан Өнербаев сахнадан көрінбей кеткен әншілердің қатарында. Өнербаев 2008-2011 жылдар аралығында Парламент мәжілісі депутаты болғаны белгілі. Ал 2011 жылдан бері шығармашылығын қолға алған еді. 

Реклама
Реклама

1985 жылдан бастап "Гүлдер" ансамблінде қызмет еткен Гүлнар Сихымбаева бүгінде сахнадан гөрі білім саласына көп уақытын арнайтын көрінеді. Әнші Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұстаздық қызметін атқарып жүр. 

Тыңдарманға "Шырқа, гитара", "Тамды аруы", "Әйел монологы" атты әндерімен танымал Гүлмира Ақүрпекова орта жастан асқан соң жастарға орын беруді шешкен. Бұл туралы әнші "Дидар" газетіне берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, отандық арналар әншіні түрлі бағдарламаға шақырып тұратын көрінеді. Алайда Гүлмира Ақүрпекова оның көбінен баруға бас тартады екен. "Егер халыққа тигізер пайдасы бар бағдарламалар көбейсе, телеарналардан мен де жиі көрінер едім дейді" әнші.

Кезінде көпшілік әндерін сүйіп тыңдаған әнші Еркін Мәулен сахнаға көп шыға бермейді. Әнші отандық бағдарламалардың бірінде неліктен сахнадан көрінбей кеткенін түсіндірген. Оның айтуынша, Еркін Мәулен шоу бизнесте "қара тізімдегі" әнші екен. Бұл туралы ол "Сағындырған әндер-ай" ән фестиваліне қатыспақ болған кезінде білген. Әншінің айтуынша, ол өзін "қара тізімге" енгізген адамның кім екенін білмейді. 

Әнші Динара Қырықбаева - бүгінде үш баланың анасы. Алайда әнші 2020 жылдың желтоқсанында ажырасқанын мәлімдеген болатын. "Әнші балапанға" бес жасында қатысып, басқа да балалар байқауында топ жарып, әншілікке толықтай бет бұрған Динара әндер жаздырып, бейнеклиптер түсіріп, тіпті жеке концертін де беріп үлгерген. Жеке бизнесін қолға алған әнші сахнадан алыс кетіп, жеке өміріне көбірек көңіл бөлуді таңдаған. Бүгінде ол Instagram-дағы парақшасын белсенді жүргізеді. Әнші 2020 жылдан бері вайн түсіруді қолға алған болатын.

Өзге де танымал қазақстандықтар туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісі дайындаған видеода.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram