ПОДЕЛИТЬСЯ
15 февраля 2020 | 16:01
Табиғат, Сурая, Ясина. Қазақ жұлдыздары балаларына қойған ерекше есімдер
Халқымыз жаңа туған нәрестеге ат қою дәстүріне ерте заманнан үлкен жауапкершілікпен қараған. Кез келген ата-ана баласына мағынасы дұрыс, көркем ат қоюға тырысады. Баланың есімі болашағына әсер етеді дегенге сенетіндер де жоқ емес. Жақында ғана көпбалалы әке атанған "МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те ұлына Әлиби деген ерекше есім берген. Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнес өкілдері балаларына қойған ерекше есімдер мен оның мағынасына шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халқымыз жаңа туған нәрестеге ат қою дәстүріне ерте заманнан үлкен жауапкершілікпен қараған. Кез келген ата-ана баласына мағынасы дұрыс, көркем ат қоюға тырысады. Баланың есімі болашағына әсер етеді дегенге сенетіндер де жоқ емес. Жақында ғана көпбалалы әке атанған "МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов те ұлына Әлиби деген ерекше есім берген. Tengrinews.kz тілшісі шоу-бизнес өкілдері балаларына қойған ерекше есімдер мен оның мағынасына шолу жасады.
Шахназ, Табиғат
Бұл әнші Нұрболат Абдуллиннің қыздарына қойған есімі. Отбасын көп жариялай бермейтін әнші алғаш рет жанұясын Instagram желісіндегі парақшасында 2018 жылы қазанда жарын туған күнімен құттықтап, жазба жариялап көрсеткен.
Ашық дерек көздеріне сүйенсек, Шахназ есімі әзербайжан тілінен аударғанда "кербездік патшасы" деген мағынаны білдіреді екен.
Амели
"All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы бүгінде жары Анелмен Алимхан есімді ұл мен Амели есімді қыз тәрбиелеп отыр. Амели - сирек есімдердің бірі.
© instagram.com/shokan_maratuly
Жалпы Амели есімінің шығуы туралы бірнеше нұсқа бар. Негізгі нұсқа бойынша, бұл есім француз тілінен аударғанда "гүл" мағынасын білдіреді. Сонымен қатар, бұл есім Германиядан шыққан деген нұсқа бар. Яғни, "еңбекқор" деген мағына береді.
Медина
Былтыр 29 қаңтарда әнші Талғат Жорабаевтың екі ұлдан кейін дүниеге қызы келді. Әнші қызының есімін - Медина деп қойған. Ұлдарының есімі - Әбумансұр және Әбубәкір.
Әнші Талғат Жорабаев отбасымен © instagram.com/ayauka_askarkyzy
Медина есімі "қала" деген мағынадан шыққан. Медина - мұсылмандардың қасиетті қаласы.
Дара
2019 жылы әнші Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін екінші баласын босанды. Жанболат пен Жазира жалғыз қыздарына Дара деген есім берген.
© instagram.com/ikazeke
Қарындасының есімін жұлдызды жұптың ұлдары Қазыбек қойған екен.
"Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім - 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбеде туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы қазақ елінде туған, ерекше Дара атқа ие болды", - деп түсіндірген әншінің ұлы.
Алияна, Ясина
Бұл ерекше есімдер боксшы Жанқош Тұраровтың қыздарына тиесілі. Жалпы Алияна есімінің шығуы туралы түрлі дерек бар. Араб теориясына сәйкес, Алияна есімі "патшайым", "әмірші әйел" және "мәртебелі" деген мағына білдіреді.
Ал Ясина есімі араб тіліндегі Құранның 36 сүресі, яғни, "Ясин" сүресінің атауынан шыққан. Есім "мейірімді", "тура жол жүретін, таза жанды" деген мағына білдіреді екен.
Адамның тағдыры есіміне байланысты ма? Этнограф қазақтың ат қою ырымдарын айтты
Карима, Калима
Жақында ғана көпбалалы әке атанған Кенжебек Жанәбіловтің Карима және Калима есімді егіз қыздары бар. Карима - жомарт, гауһардай қымбат деген мағына берсе, Калима - мейірбан, бейбіт деген мағына береді екен.
Мәриям, Райана, Сәфия
Бұл әнші Сәкен Майғазиевтің қыздарына қойған есімі. Әншінің өзі он бір ағайынды, Сәкен отбасында тоғызыншы екен. Үлкен қызы Райана 2013 жылы, Мәриәм - 2016 жылы, кенжесі Сәфия - 2018 жылы дүниеге келген.
Сәкен Майғазиев қыздарымен © instagram.com/saken_maigaziyev
Кәусар
Әнші Мейрамбек Бесбаевтың үлкен қызының есімі - Кәусар. Кәусар - таза, тәтті, мөлдір ұғымдарын білдіретін сөз. Діни мағынасы - жаннаттағы қасиетті су.
Таулан
Актер Нұржан Төлендиевтің Таулан есімді ұлы 2016 жылы дүниеге келген. Дереккөздерге сүйенсек, Таулан есімі жалпы "таулық" деген мағына береді. Яғни, тау және ұлан деген сөздерден шыққан.
Сурая
Сурая - әнші Динара Сұлтанның тұңғышы. Жалпы бұл есім сирек кездесетін есімдердің бірі. Бұл атау араб тілінен шыққан. "Баю", "бай болу" деген мағына білдіреді екен.
Тауасар
Бұл актер Берік Айтжановтың тұңғыш ұлының есімі. "Тауасар" - зат есім мен етістіктің қосылуынан жасалған. Араб және қазақ тілдерінде бірдей мағынаны білдіреді.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также