ПОДЕЛИТЬСЯ
30 октября 2018 | 22:35
Тәнге сурет салу сән бе?
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тәнге сурет салу сән бе?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тәнге сурет салу сән бе?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денеге сурет салу шебері Сара Гантьер 16 жасында ата-анасының рұқсатынсыз оң қолына тату салғанын айтады.
"16 жасымда бірінші рет сол қолыма сурет салдырдым. Ата-анам қарсы болатынын білдім, сол себепті ешкімнен рұқсат сұрамадым. Пирсинг салдырғанда ауырады әрине, алайда бүгінде үйреніп кеттім. Шешіп тастауға да болады. Сырға тақпаймын", - дейді Сара Гантьер.
Тағы бір қонақ Нұрхан Тұңғыш кез келген нәрседе қоғаммен санасу керек деген ұғымды ұстанатынын айтады.
"XXI ғасыр, заман өзгерді деп жатыр, негізінде заман емес, адам өзгерді. Өз өмірім, өзім білемін деу тек өз үйіңізде жүргенде ғана шектелуі керек. Сыртқа шыққанда сіз қоғаммен бірге болуыңыз керек", - дейді Нұрхан.
Бағдарламаға көрермен болып келген үш баланың анасы Жәмилә өз ұлдарының есімін қолына жаздырған.
"Менің үш балам бар, солардың есімдерін денеме жаздым. Балаларымның бірінші қойғаны сұрағы: "Мама, сен біздің есімдерімізді ұмытасың ба?" болды. Үлкен ұлым Резуан, Амир және Батыр. Тағы бала туып жатсам, екінші қолыма жаздырамын", - дейді үш баланың анасы.
Сонымен қатар, көрермен денеге сурет салудың негіздері жайлы айтып берді.
"Мен барлық пермомент зоналардың үшеуіне де (ерін, қас, қабақ) макияж жасадым. Бұл бірақ уақытша техника, шамамен бір жыл мен үш жылдың арасында сақталады. Барлығы да терінің сапасына байланысты. Шебер таңдауда адамдардың не айтатынына құлақ асқан жөн. Барлығында да диплом бар. Мен терінің екінші қабатына макияж жасаттым. Ал өмір бойына салынатын тату ол қан құрамына қандай да бір химиялық қоспалардың қосылуына әкеп соғады. Бірақ мұны да лазерлік аппаратпен өшіруге болады. Маған ұнайды, сол себепті мен өшірмеймін", - дейді Жәмила.
Психолог Гүлнұр Асанова денеге сурет салуға алып келетін себептерді атады.
Психологиялық тұрғыдан, тату салу - бұл өзіңді ерекшелеу, өзіңе деген сенімді арттыру. Немесе бір белгілі топтың мүшесі болу. Көбіне жастық шақта жастардың бір-біріне деген сезімін дәлелдеу мақсатында "мәңгіге менімен біргесің" деген сеніммен салып жатады", - дейді Гүлнұр Асанова.
Танымал қазақстандық әнші Ринат Мальцагов осы денеге сурет салу мәселесіне қалай тап болғанын баяндап берді.
"Кезінде Super Star жобасынан кейін "Перцы" тобында болғанымызда продюсеріміз Константин кеңсеге шақырып, маған денеге сурет салуымды өтінді. Ерланға сырға тағу деген сияқты. Сол жиыннан шыққан соң, қатты ойландым. Қалай болар екен дедім. Сол кезде Женя келіп менің орныма денеге сурет салуды өз мойнына алды. Мен қуана келістім. Міне, қазір 10 жыл өтті, қуанамын тату салмағаныма. Менің артымнан ерген ұрпағым менен үлгі алады емес пе? Мен не істесем, ол соны қайталайды", - дейді әнші.
Бағдарламаның көрермені болған Мұхтарима Төлегенова денеге сурет салуға қарсылығын білдірді.
"Күлетін нәрсе емес. Негізі еліктегіш халықпыз ғой. Бірақ қазақта "қызды қырық үйден тыю" деген бар. Қыз деген болашақ ана емес пе? Біздің жас кезімізде мүлде басқаша еді. Қазіргі заманның қыздары өздерін қаншалықты көрікті қылып көрсеткісі келгенімен, бағасының төмендеп бара жатқанын біле бермейді", - дейді зейнеткер.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.
Показать комментарии
Читайте также