15 января 2020 | 16:35

Танымал қазақстандықтар қандай темір тұлпар тізгіндеп жүр? 2-бөлім

© Tengrinews.kz коллажы

Бұрынғының көлігі ат болса, қазіргінің көлігі темір тұлпар. Жігіттің жеті қазынасы деп бұрын қазақтың жүйрік аты аталушы еді, ендігі серілердің тұлпары, анығы автомобилі қандай? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың қандай темір тұлпар тізгіндегенін анықтап көрген еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғының көлігі ат болса, қазіргінің көлігі темір тұлпар. Жігіттің жеті қазынасы деп бұрын қазақтың жүйрік аты аталушы еді, ендігі серілердің тұлпары, анығы автомобилі қандай? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың қандай темір тұлпар тізгіндегенін анықтап көрген еді.

Әнші Әли Оқапов сүйікті BMW E34 көлігін көрсетіп, жағдайын толық әңгімелеп берген болатын. Ол бұл көлікті әкесінің көзі деп, арнайы жаңартуды қолға алыпты. Марқұм әкесінде осындай көлік болған екен. Көлікті ол орнында тұруы үшін емес, жүргізу үшін жобаға қатыстырғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Әкем туралы, балалық шағым туралы естелік деп білемін. Бала кезімізде мұндай көліктер бізге ұшақ секілді болатын", - дейді Әли Оқапов.

"Оригиналсың" әнімен танылған Әбдіжаппар Әлқожа болса Instagram желісінде ақ түсті "Гелендвагенмен" (Mercedes-Benz G-класс) жиі бой көрсетеді. Әнші бұл ақ тұлпарымен тіпті вайнға түскен. 

G63 модельдерінің жаңасының бағасы бүгінде 100 миллион теңгеден асып жығылады. Алайда әншінің көлігі қай жылғы екенін анықтау мүмкін болмады. Көлікті ол 2018 жылдың сәуір айында алған.

"Елдің ықыласымен батасының арқасында Ақ тұлпар міндім. Бәрі рас!!!", - деп жазған әнші.

Ал оның өнердегі, өмірдегі жақын досы Нұрболат Абдуллин қанша қызықса да, өз көлігін қайта-қайта көрсете бермейді. Алайда оның желідегі парақшасынан қымбат көліктердің тізгінінде отырғанын көруге болады. Ал соңғы жарияланымдарының бірінде ол Hummer көлігінде отырды. 

Оған Әбдіжаппар досы "Тұлпар Оригинал ғой бөле. #G55 Өзің бөлексің ғой палуан", - деп пікір жазған. Соған қарағанда, Нұрболаттың да таңдауы "Гелендвагенге" түскен.

Әнші Абай Бегейдің таңдауы ерекше. Ол - 1960 жылғы "Волга" көлігінің иесі. Раритет көліктің бағасы туралы мәлімет жоқ. Алайда хабарландыру сайттарында мұндай көліктердің бағасы әрқилы - 2 миллион теңгеден бастап 20 миллион теңгеге дейін жетеді. Бір жолы тіпті осы ескі көлігінің дөңгелектері ұрланғаны туралы жазба жариялаған.

Сонымен қатар, Абай Бегейдің ақ түсті Toyota Camry 50 көлігі барын байқауға болады. Желіге жүктеген сурет пен видеоларынан жапон көлік өндірушісінің өнімін жазбай танисыз. 

Еркін Нұржанов екі жыл бұрын қара түсті "Гелендваген" мінген. Сонда фолловерлері оған құттықтау сөз жазған. Досы Талғат Ордабаев та оны құттықтап, Instagram желісінде көліктің алдында түскен суреттерін жариялаған. Кейін Еркін Нұржановтың тізгін ұстап отырған сәті түсірілген видео да пайда болған. 

Айдана Меденова 2017 жылдың қыркүйегінде су жаңа Range Rover көлігін сыйға алған. Сол уақыттан бері қара түсті осы көліктің тізгінін ұстаған. Екі жыл бұрынғы бұл көліктің қазіргі бағасы, хабарландыру сайттарына сенсек, 40-55 миллион теңге аралығында. Оған дейін Меденова жол талғамайтын Toyota көлігін мінген.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да Range Rover көлігін жүргізеді. Алайда біздің қолда бар ақпарат бойынша, ол қазіргі уақытта Range Rover Sport деп аталатын жол талғамайтын көлік тізгіндеген. 

"Бір кездері қыз баласының көлік мініп жүргеніне өзімнің де біраз танысым қарсы болған. "Қызға рөлді бергенің үйдегі билікті соған бергенің" деп есептейтіндер қазір #пәшти жоқ шығар деп ойлаймын. 18-ден асқан қыздары бар әкелерді тыңдасаңыз, "жағдайым болса неге әпермеске" деп ойлайды. Қыздар жағы, онда тұрған не бар,заман талабы деп есептейді. Екеуімен де келісемін. Негізі бар ғой, біз көлік таңдағанда бірінші, балаларымыздың комфорты мен азық-түліктің сыйғанын ойлаймыз. Рас қой. Сосын "айғайлап тұратын" түсі мен дөңгелегінің мықтылығына мән береміз", - деп жазған еді бірде Ләйлә Сұлтанқызы.

Қыдырәлі Болман Toyota Land Cruiser 200 көлігін тізгіндеген. 

"Үш жыл бұрын АБК тобына 20 жыл, "Ұлытаудың" 15 жылдығы, Қарақаттың 15 жылдығына, Balbal компаниясына 8 жыл, "Қарақат" студиясына 7 жыл толуына орай елордада өткен концерттен кейін мұны Қарақат маған осы көлікті сыйлаған. Toyota Land Cruiser 200 көлігі", - дейді Қыдырәлі Болман. Айтуынша, 3 жыл бұрын шамамен 37 миллион теңге шамасында тұрған.

Танымал қазақстандықтар қандай темір тұлпар тізгіндеп жүр?

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная