ПОДЕЛИТЬСЯ
13 января 2020 | 18:55
Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін айтты
Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. Альхамдулилах! Уайымдамаңыздар, үйлену тойы жазда өтеді", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, актердің сүйіктісіне ұсыныс жасағаны және таңдауы қай қызға түскені туралы өткен жылдың қарашасында белгілі болған. Алайда Тәуекелдің өзі жұбайын енді ғана тұңғыш рет көрсетіп отыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Makhabbat ???? (@mahonti__) 6 Янв 2020 в 9:29 PST
Мүсілімнің болашақ жары - Махаббат Түктібаева. Ол - Қарағанды өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті, болашақ дәрігер. Instagram желісінде қалыңдықтың 100 мың фолловері бар.
Бұған дейін желіде Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаеваның мешітте неке қидырған суреттері тарап кеткен еді. Тіпті қос ғашықтың некесін қиған Алматы қаласы Орталық мешіт наиб имамы Ермек Көкірекбаев та бұл ақпаратты растаған. Имам Тәуекел Мүсілім Алматы қаласындағы Орталық мешітте некесін қидырғанын растады.
"Иә, некесін қиғандары рас. Олардың некесін мен қидым. Нақты қай күні екені есімде жоқ. Бірақ ата-анасымен келіп, қыздың әке-шешесінің рұқсатын алып, қазақи жолмен мұсылманша некесін мешітте қиды", - деген еді Ермек Көкірекбаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim) 13 Янв 2020 в 3:08 PST
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также