12 марта 2021 15:25

"TikTok, қымыз бен құрт бизнесі". Танымал қазақстандықтар карантинде немен айналысты?

Дүние жүзінде коронавирус пандемиясы жарияланып, елімізде алғашқы науқас тіркелгеніне бір жыл болды. 2020 жыл кім-кімге болсын оңайға соқпағаны анық. Бірі жұмысынан айырылса, енді бірінің кәсібі жабылып қалды. Тойға шығып, күн көріп жүрген өнер адамдарының көбі табысынан айырылды. Себебі елімізде үлкен жиын-тойларға, адамдардың көптеп жиналуына тыйым салынды. Карантин уақытында танымал қазақстандықтар қалай күн көрді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде коронавирус пандемиясы жарияланып, елімізде алғашқы науқас тіркелгеніне бір жыл болды. 2020 жыл кім-кімге болсын оңайға соқпағаны анық. Бірі жұмысынан айырылса, енді бірінің кәсібі жабылып қалды. Тойға шығып, күн көріп жүрген өнер адамдарының көбі табысынан айырылды. Себебі елімізде үлкен жиын-тойларға, адамдардың көптеп жиналуына тыйым салынды. Карантин уақытында танымал қазақстандықтар қалай күн көрді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Кенжебек Жанәбілов

"МузАРТ" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жеке шоколад өнімін белсенді түрде жарнамалап жүр. Алайда таяуда ол шоколад жарнамалаймын деп басы дауға қалды. 

Реклама
Реклама

Артынша шоколадты қолына алып түскен суретін парақшасынан өшіріп тастаған.

Сәкен Майғазиев

Ал әнші Сәкен Майғазиев биыл қымыз кәсібін қолға алған. Эстрада әншісі былтыр тамыз коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге бір тонна қымыз таратқан болатын. Әншінің айтуынша, мұндай шараны ұйымдастыруға 22 күн коронавируспен ауырып, айығып шыққан танысы себеп болған. 

"Кәдімгідей уайымдадық. Дәрігерлердің қаншалықты қиындықта, тар жол тайғақта жандарын шүберекке түйіп жүріп жұмыс істегенін көріп, онсыз да әлеуметтік желілерден көріп жүрміз, хабардармыз. Осы орайда дәрігерлерге де бір ынта, күш-қуат берейік деген ниетпен, сосын ауырып жатқан адамдарға да кішкене шипа екенін естіп, ұлттық асымыз, бабадан қалған мұрамыз қымызды әрі дәріптеу мақсатында, әрі дертке дауа ретінде 900 литр, жалпы 1 тонна деп айтуға болады, тараттық.

Жалпы COVID-19-ды емдеп жатқан, арнайы мамандандырылған үш ауруханаға бердік.Барлығы ақ батасын беріп жатыр, дәмін көріп, ризашылығын білдірді. Қымыз дәруменге толы, қаншама дәрінің орнын алмастыра алады. Сондықтан қазаққа тән адал асымызды тараттық", - деген әді.

Әнші Сәкен Майғазиев алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты

Бейбіт Құшқалиев

Ал әнші Бейбіт Құшқалиев пен "Заман" тобының әншісі Әсет Қарабалин Алматыдағы ықшамаудандардың бірінен кофехана ашқан. Дәмхананың атын әншілер есімдерінің алғашқы атын жалғап таңдаған: "BeAs".

Танымал қазақстандықтардың көбі кәсіп ашып күн көре бастаса, кейбір әншілер карантин кезінде шектеуге қарамастан тойға шыға бастаған болатын. Қуаныш барысындағы видеоны алғашқылардың бірі болып әнші Абай Бегей жүктеген. 

Артынша әнші Алтынай Жорабаева парақшасына ұзатуда өнер көрсетіп тұрған видеосын жүктеген. Әншінің сөзінше, ол Алтынай есімді қызды ұзатқан. Одан бөлек, Желіде Түркістан облысында карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап кетті. Видеода "Алдараспан" əзіл-сықақ театрының әртісі Нұржан Төлендиев ән салып жатқанын аңғаруға болады. 

Қазақстандық әншілер шектеуге қарамастан, тойға шыға бастады

Рахман Омар

Таяуда тележүргізуші, кино және театр актері Рахман Омар да ерекше кәсіп түрін бастады. Ол қазақтың ұлттық тағамдарының бірі құртты "чупа-чупс" формасында шығаруды қолға алған.

Гив 

Карантин кезінде әсіресе Instagram-да кеңінен тараған гив ойнататын әншілер де көбейді. Оның ішінде, карантин режимін бұзғандары да болды. Мысалы былтыр сәуірде әнші Ернар Айдар гив ойнатамын деп басы дауға қалған болатын.

Полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан. Артынша әншіні өнердегі әріптестері қолдап, ол "алаяқтардың құрбаны болғанын" айтты. 

Одан бөлек, оның алдында сәуір айында Кәмшат Жолдыбаева да гив ұйымдастырушыларға алданып қалған болатын. Ұтыс ойынына қатысушылар бар кінәні Жолдыбаеваға артып, оны желіде балағаттай бастаған. Алайда, әнші ашуға булыққан адамдарды сабырға шақырып, оларға ар мән-жайды түсіндіруге тырысқан.

"Қайырлы кеш, қымбатты оқырмандарым! Жақында менің атымнан ойнатылған гивтен кейінгі кейбір демеушілердің наразылығына байланысты айтарым бар. Құрметті демеушілер, бұл гивті ұйымдастыру үшін сіздерге қаржылай қолдау көрсетіп, қатысуға ұсыныс түсті, сол сияқты менің атымды және парақшамды қолдануға маған ұсыныс түсті. Ұйымдастырушылар сіздермен өзара келісті және менімен өзара келісті. Гив келісілген күні басталып, кейінгі өзгерістердің барлығы ұйымдастырушылардың, сіздердің қалауларыңызбен енгізілген болатын.

Ортадағы жауапты адамдардың немқұрайды қадамдары мен жауапсыздықтарының арқасында туындаған наразылықтардың көбеюіне байланысты гивті тоқтатуға тура келді. Мен үшін ең басты мәселе халықтың алдында берген уәдені орындап, ұтысты өткізу болды. Сондықтан мен осы гив үшін алған гонорарымды сол ұтысқа салып, жеңімпаздарға сыйладым, қалған бөлігін сол ұйымдастырушыларға толығымен қайтарып жібердім. Әрі қарай барлық сұрақтарды сол кісілермен шешулеріңізді сұраймын", - деп жазған еді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

TikTok

Қазақстандық танымал тұлғалар былтыр ең үздік әлеуметтік желі атанған TikTok-қа да бетбұра бастады. Карантин кезінде бірнеше әнші TikTok-ты белсенді жүргізе бастаған. Көбі әзіл видеолар түсіреді. 

Олардың ішінде Айдана Меденова, Баян Мақсатқызы, Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас және Салтанат Бақаева бар.

Танымал қазақстандықтар ішінде TikTok-та көшбасшы Айдана Меденова. Әншінің парақшасына 270 мыңға жуық адам жазылып, үш миллион лайк басылған. 

@medenovaaidana

##8март

♬ оригинальный звук - Aidana Medenova

Одан кейінгі орында - 169 мың оқырманы бар Қайрат Нұртас. Әншінің видеоларына жалпы 1 миллион лайк жиналған. 

@kair_tiktok

##qattyqattysagyndym ##қаттықаттысағындым ##kairatnurtas ##кайратнуртас ##рекомендациях ##рек ##рекомендации

♬ оригинальный звук - Қайрат Нұртас

Үшінші орында 135 мыңнан аса оқырманы бар Салтанат Бақаева. 

@bakayeva_saltanat

Старое но все в моей ленте его нет ##рекомендации ##хочуврек ##foryou ##салтанатбақаева ##домбыра

♬ Ashu Shubhankar - Ashu Ashish SinghFDX

Төртінші орында 96 мыңға жуық оқырманы бар Айқын Төлепберген. Әнші түсірген видеоларға жалпы 608 мың лайк басылған. Айқын Төлепбергеннің Жаңа жылда атқан отшашуы туралы видео 1.5 миллион қаралым жинаған. 

@aikyn_tolepbergen

@zhuldyzomirgali_official ##салют2021

♬ оригинальный звук - Aikyn

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram